Көлік саласындағы кедергілер жойылуда

Жаңалықтар
11.10.2024, 09:07
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов Қазақстанның көлік саласында қиындық келтіретін негізі факторларды атады. 

Оның айтуынша, локомотивтер жетіспеушілігі, ел инфрақұрылымындағы «тар» орындар тасымал үдерісінің дамуына кедергі келтіреді. Бұл мәселелер локомотивтер сатып алу есебімен оң шешімін тауып отыр.

– Биыл локомотив паркі бойынша жағдай жақсарды. 2024 жылдың соңына дейін 185 локомотив, яғни 121 магистральдық және 20 маневрлік тепловоз, сонымен қатар 44 электровоз сатып алынады. Оның 130-ы бүгінге дейін жеткізілді. Сондықтан бұрын вагондар жинау және беруді кешіктіру негізгі мәселе болып келсе, биыл ол қиындық болмауы тиіс. Маневрлік локомотивтердің алғашқы легі жеткізіліп, олардың бәрі еліміздің егін оратын өңірлеріне жөнелтілді. Бүгінгі таңда теміржол желісінде резервте тұрған локомотивтер бар. Тасымал көлемі арта қалған жағдайда олар іске қосылатын болады, – дейді Н.Келбұғанов.  

Сонымен қатар ол астық тасымалы нарығындағы қазіргі жағдайды да баяндады. Қытай тарапы сақтық танытып, қабылдайтын жүк көлемін 150-180 мың тоннаға дейін шектеп отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, бидайды қабылдауға қолданыстағы тыйым айтарлықтай шектеулер қояды және тек арпа экспортына рұқсат етіледі, бұл логистикалық схемалар мен коммерциялық стратегияларға айтарлықтай әсер етеді. Осыған байланысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалану үшін жеткізілімдерді реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыратын болады.  

– Біздің теңіз порттарымыз астық қабылдауға дайын, Ақтау порты 3 млн тоннаға дейінгі көлемді қабылдап, жөнелтуге әлеуетті. Бұл отандық тауар өндірушілер үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, қытай тарапының шектеулерін азайтуға септік етеді, – дейді спикер.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті