Кәсіби теміржолшылар – Шиеліде

Жаңалықтар
04.07.2017, 10:10
Қызылорда темір жолының Шиелі станциясы өндіріс орындары шоғырланған аймаққа жақын орналасқандықтан,  жыл он екі айда жұмыс бар. Станцияның тынымсыз тіршілігіне әбден төселген шиелілік теміржолшылар мамыр айында 33 вагонға жүк тиеу жоспарын  62 вагонға жеткізіп, екі есе артық орындаған. Ал бес ай ішінде 499 вагонға  28 721 тонна жүк тиеген. Сондай-ақ, мамыр айында 920 вагоннан жүк түсіріліп, бес айда 5200 вагоннан жүк түсірген. Шиелі станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаровтың айтуынша,  Шиелі станциясының теміржолшылары әр айдың жүк тиеу, түсіру, жүк құжаттарын рәсімдеу және станциялық жұмыстар межесін артығымен орындап отыр. Тек мамыр айында 985 жүк вагоны, бес айда 5720 вагон бекеттің кірме жолдарына берілген. Мамыр айында станция жолдарында 1444 вагонды 27 жүк пойыз тарқатылып, 45 жүк пойызына 1550 вагон құрастырылған. Бес айда 172 пойыздың 3525 вагоны тарқатылса, олардан 7095 жүк вагоны жегілген  212 вагон құрастырылған. Станцияда 10 жол мен 13 бағыттамалық және бірнеше кірме жолдар бар. – Вагондарды белгіленген жолдарға шығару, кірме жолдардан алу, ұзын және қысқа құрамды пойыздардың қабылданып-бөлшектеліп таратылуы мен қайта құрастырылу, олардың құжаттарын рәсімдеу секілді жұмыстардың бәрі уақытылы атқарылып, әрбір теміржолшы өзіне жүктелген кәсіби міндетін атқарып, бекітілген жоспарлардың асыра орындалуына үлес қосуда. – Бізде өз жұмысын бес саусағындай меңгерген кәсіби теміржолшылар көп. Станция кезекшісі Лұқпан Смайлов, станция кезекшісі жанындағы оператор Гүлзира Жүсіпова, тасымал құжаттарын өңдеу операторы Тоғжан Піржанова, пойыз құрастырушы Ислам Қарамұрзаев, парк кезекшілері Әзімхан Кісенбаев пен Әмзеғали Әбіловтер ерен еңбегінің арқасында ұжымға сыйлы да беделді жандар, – дейді Шиелі станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Жүрсінұлы.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Шиелі

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты