Биыл темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 35 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Көліктегі полиция департаменті осы жылдың 9 айында 35 мыңнан астам құқық бұзушы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткепі үшін жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, , деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік полицейлері теміржол төсемінде жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындар және оқу орындарының оқушыларымен тұрақты негізде профилактикалық кездесулер өткізіп тұрады. Алайда, жүргізіліп жатқан 14 593 алдын алу іс-шараларына (кездесулер, халықпен жиындар, дәрістер және т.б.) қарамастан, азаматтар қауіптілігі жоғары аймақтарда қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастыруда, бұл өз кезегінде қайғылы жағдайларға әкеп соғады.

«2024 жылдың басынан бастап темір жол бойында адамдардың, үй жануарларының болуына және бөгде заттарды қоюына байланысты Көліктегі ПД-да пойыздардың шұғыл тежелуінің 1684 фактісі тіркелді. Белгіленбеген жерлерден темір жолды кесіп өткені үшін 35 607 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Осы жылдың 9 айында жылжымалы құрамның астына өз абайсыздықтарынан 74 азамат түсіп, олардың жартысынан көбі өліммен аяқталды.

Мәселен, 9 қазанда «Алматы-1 – Медеу» аралығында жүк пойызының машинисі теміржол төсемін белгіленбеген жерден өткен 59 жастағы ер адамды жанай қағып кетті. Осыған байланысты темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізілуде.

Азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өтпеуге шақырамыз.

Өту үшін арнайы жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін (туннельдер, көпірлер) пайдалану қажет.

 

Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады