Қонақжай қала қақпасының қожайыны

Жаңалықтар
04.07.2017, 10:40

Түркістан – қонақжай қала. Тарихы тереңде жатқан көне шаһарды көруге жылына екі рет Үрімші – Ташкент – Самарқан – Ашхабад  бағытындағы туристік пойыз келеді. Жылына бірнеше рет өтетін рухани, мәдени іс-шараға шақырылған қонақтар да алдымен теміржол вокзалына табан тірейді. Оған күнделікті ағылған өткінші пойыздар, ары-бері сабылған өткінші пойыздар жолаушыларын қосыңыз.  Осылардың бәріне тәулік бойы қызмет көрсететін  түркістандық вокзал қызметкерлері жылы сөзге әбден лайық.   Шаһардың бас қақпасын 2005 жылдан бері басқаратын Айдархан Байдәулетов  теміржолға 42 жылын арнаған. Осы вокзалдың ыстық-суығына тоңып жүргеніне 26 жыл болған жан қала халқына сыйлы, абыройлы, «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» атанған. Ширек ғасыр ішінде  тарихи шаһарға келіп-кетіп жатқан қаншама арнайы, мерейтойлық  пойыздардың талайын күтіп алып, шығарып салған тәжірибесі де жетерлік.  Міне, ширек ғасыр болды, вокзалдағы қызмет көрсету сапасы  Түркістанның беделіне нұқсан келмеуін қатаң талап ететін басшының  сөзін қарамағындағылар екі еткен емес. Түркістан вокзалына қай кезде жолыңыз түспесін, оңтүстікше қамқор да бауырмал жандардан  айрықша қонақжайлылықты сезінесіз.  Өткен жылы толық күрделі жөндеуден өткен вокзалдың  халыққа көрсетер сервистік қызметі арта түскен.     - Түркістанның 1500 жылдық тойынан кейін 15 жылдан бері жөндеу көрмей тозығы жеткен ғимаратты қалпына келтіру үшін  қанша жерге  хат жазып, қашан жөндеу біткенше тыным таппаған  Айдархан Ағыбайұлының  еңбегі ерен,- дейді  2004  жылдан бері вокзал бастығының кезекші көмекшісі міндетін атқаратын Гүлжан Тұрғанбаева. Өзін  Байдәулетовтің шәкірті санайтын   Гүлжан  1991 жылы Алматы темір жол техникумын байланыс мамандығы бойынша бітіріп, вокзалда кассир, жүк қоймасында жүк қабылдаушы т.б. жұмыстарды атқарған тәжірибелі жан.  Гүлжан секілді вокзал бастығының алты кезекші көмекшісінен бөлек   тағы алты вокзал кезекшісі бар екен. Анықтама бөлімінде де алты маман ауысым бойына жолаушыларға қызмет көрсетеді. Түркістанға  тәулігіне 18-20  жұп пойызы аялдап,  500-600 жолаушы, жылына тоқсан бес мыңның үстінде жолаушы қатынайды. Қосымша Ташкент – Мәскеу, Ташкент – Уфа, Ташкент – Орынбор,  Ташкент – Самара пойыздары да аялдайды. Ауысымға түскен соң тоғыз сағат аяқтан тұрып еңбек етуге тура келеді, әр пойыз аялдап тұрғанда жолаушы мен шығарып салушының, күтіп алушының қауіпсіздігін қадағалап тұрамыз, - дейді Гүлжан Иманқұлқызы. Осы көктемдегі Түркі халықтарының Наурыз тойы Түркістанда тойланды. Сонда алыс-жақыннан келген ағайынға Гүлжауһар Есенқараева, Гүлмира Қалдыбекова, Ілияс Қанайбеков, Қанафия Досаев, Шарбан Қабаева, Нүрия Минаммудинова, Тұрсынай Қонысова сынды вокзал қызметкерлері  тәулік бойы тік тұрып қызмет көрсетіпті. Қонақжай қала қақпасының қожайыны Айдархан Байдәулетов оларға  мінсіз қызметі үшін алғыс жариялапты.    

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты