Жаттығу - шыңдалу мектебі

Жаңалықтар
04.07.2017, 11:02
Белкөл станциясында Қызылорда Өрт сөндіру пойызының 18 өрт сөндірушісі аймақтағы авариялық-құтқару құрылымдарымен бірге тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Теміржол көлігінде болуы мүмкін төтенше жағдайды авариялық құтқару жаттығуына қатысушылар іс-әрекетін құзырлы орган басшыларымен қатар Қызылорда өрт сөндіру пойызының бастығы Ғалымжан Табынбаев, Әскерилендірілген теміржол күзеті аймақтық жасақ басшысы Мұхтар Кенжеғұлов және облыстағы төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері бақылады. Жаттығу сценарий бойынша Шиелі-Қызылорда учаскесінің Белкөл станциясы тұсында Шымкент-Ақтау бағытындағы жүк пойызының орта шебінде жабдықтар тиелген 10 ашық вагоннан ауа-райы температурасының өте жоғары болуынан өздігінен өрт тұтанып, бірнеше адам зардап шеккен. Жүк құрамында орын алған тосын жайдан хабар алған Белкөл станциясы кезекшісі жағдайды пойыз диспетчеріне және станция басшысына хабарлайды. Пойыз диспетчері ақпаратты алысымен бөлімше бойынша кезекшіге жеткізеді. Кезекші аға телефониске хабарлап ол әрі қарай тізім бойынша бекітілген инстанцияларды құлақтандырады. Жүк пойызында болған жайды ести сала жолға шыққан Қызылорда станциясының өрт сөндіру пойызымен 18 адам 10-02 минутта жөнелтіліп, бекетке келіп өрт сөндіруге кірісті. 10-05 минут өткенде Ішкі істер желілік бөлімшесі қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі сарбаздары мен Әскерилендірілген теміржол күзеті атқыштары төтенше жағдай аумағын қоршап, сүзгі бекетін жасап, зардап шеккендерді көшіру дәлізін әзірледі. Осылайша, өрт сөндіру оқу-жаттығуына қатысқан теміржол мекемесінің сарбаздары   шалт қимылдап 10-35 минутта өрт ошағын оқшаулап жалындаған алауды өшірді. Темір жол көлігінде болуы мүмкін авриялық-құтқару жаттығуына арнайы азаматтық құтқару құрылымдарының жеке құрамымен қатар Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының апатты техникалық тобы, Қызылорда байланыс және сигнализация дистанциясының СОБ және байланыс апатын қалыптастыру тобы, ВЧД вагон қараушыларының теміржол барлау звеносы, Белкөл станциясының құтқару звеносы жұмылдырылды. Жеке құрамдардың дайындығын сарапқа алып, олардың өзара іс-қимылын бақылаған мамандар оқу-жаттығуға «жақсы» деген баға берді. Құрылымдардың жеке құрам дайындығын пысықтау, диспетчерлік қызметтің ақпарат алмасуын жетілдіру, орын алуы мүмкін төтенше жағдай кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдардың өзара іс-әрекеттерін жетілдіру және олардың дайындығын тексеру, теміржол көлігінде орын алуы мүмкін төтенше жағдай кезінде төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлаудың нақтылығы мен тиімділігін тексеру, Қызылорда облысының авариялық-құтқару қызмет құрылымдарының арасындағы өзара әрекет етудің ұйымдастырылуын тексеру мақсатында өткізілген өрт сөндіру оқу-жаттығуы шараға қатысқан жеке құрамалардың бірлесе ынтымақтасып қимыл жасау арқылы кез-келген кедергіні бағындыра алатынын байқатты.

Сабырхан НӘДІРБАЙ, Белкөл

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты