Жаңа станцияда – жаңа технология
Жаңалықтар
21.07.2017, 15:54
«Астана-Нұрлы жол» станциясының ашылғанына екі ай толды. Станциямен аттас елорданың жаңа вокзалына келіп-кететін пойыздар қозғалысын реттеп, қозғалыс кестесі мен қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етіп, үйлестіріп отыратын станция ұжымы темір жолдардың, жолаушылар вагондарының техникалық жағдайын да бақылауда ұстайды.
Сондықтан өз алдына бөлек станция болып ашылған жаңа станцияның қызмет көрсету ауқымы көлемді болмағанымен, өзіне артылар айрықша міндеттері мен жауапкершілігі бар. Себебі, ТМД аумағында баламасы жоқ теңдессіз сәулеті мен инфрақұрылымы ерекше вокзалға жылжымалы құрамның келіп-кету процесінде заманауи талаптарға сай өз қиындықтары кездесіп жатады екен. Дегенмен, оны станцияның алғашқы басшысы, тәжірибелі теміржолшы, салада 20 жылдық еңбек өтілі бар Ерлан Рахымжанов басқаратын ұжым ойдағыдай еңсеріп, заман талабына сай жұмыс технологиясын меңгеруде. Сонымен, «су жаңа» станцияға Ерлан Бейсембайұлы 15 мамырдан бастап басшы болып тағайындалыпты.
Өздеріңіз білесіздер, станциядан алғашқы пойыздар осы жылы 1 маусымнан жүре бастады. Қазіргі таңда тәулігіне 42 пойыз қатынап тұр. Жаңа станция ұжымы 62 адамнан жасақталды. Олардың бесеуі – станция кезекшісі, тағы бесеуі олардың көмекшілері, сонымен қатар бастықтың орынбасары мен 30 пойыз құрастырушы. Кадрларды таңдауда ең жауапты қызметтерге темір жолда бұрыннан келе жатқан мамандарды алсақ, қалғандарын салада арнайы оқу бітіргендерді алып, оларды 15 мамыр мен 1 маусым аралығында оқытып, тәжірибеден өткіздік. Мұнда пойыздар «Эбилог» жүйесі арқылы басқарылады. Бұл біздің елімізде осымен үшінші станцияға орнатылып отыр. Бұған дейін Болашақ, Алтынкөл станцияларына қойылған болатын. Сол жаңа жүйемен жұмыс істеу бойынша барлық қызметкерлер оқытылды, – дейді станция бастығы.
Артықшылық – станцияның тұйықтығында болса, бір қиындық – жаңа станцияның әлемдік стандартқа сай салынған әр жолында тұратын өз пойызы бар. Оны станция басшысы былай деп түсіндіреді.
«Астана-Нұрлы жол» станциясында 6 жол бар. Соның біріншісі мен алтыншысына тек тар шанақты Тальго пойызын ғана қоя аламыз, ал екінші, үшінші жолдарға кең шанақты Тальго ғана қойылады. 4 пен 5-ші жолдарда қала маңы мен ескі КВЗ пойыздары тұрады. Осы жағы қиындау. Әсіресе, технологиялық «толаскез» болғанда пойыздар өз уақытынан кешігер болса, тек өзіне лайықты габариттегі пойыздар тұратын жолдарда жылжымалы құрамды реттеп қою қиындықтар келтіреді. Дегенмен, мұның біз алдын алып, тиісті шараларды жасаудамыз. Ал бәрі арнайы жасалған кестемен жүрсе, ешбір мәселе жоқ, – дейді ол.
Бүгінде жаңа вокзал ғимаратының екінші қабатынан әкімшілік кеңсе ашқан ДС басшысы өз кеңсесі жанынан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтайтын жауапты құрылымдық мекемелердің қызметкерлері, яғни, вагоншы, белгі беруші және жолшылар отыратын арнайы бөлме мен қызметкерлерді оқытатын техникалық кабинет ашқызды. Сонымен қатар вокзал ішінде станция кезекшілері отыратын басқару орны мен вокзалдан тыс мекеменің үлкен техникалық паркі, «Тальго» қойылатын ранжирлік парк пен локомотив бригадаларын тіркеуші-парк кезекшісі отыратын орын бар.
Райхан РАХМЕТОВА, Астана
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты