Құрық портында құрылыс қарқынды
Жаңалықтар
21.07.2017, 16:40
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев Құрық портындағы паромдық кешеннің екінші фазасындағы нысандардың құрылыс барысын тексерді.
Құрық порты экономикалық маңызды әрі транзиттік тасымалдау нысанының бірі. Оның болашағы бірнеше саланың дамуына серпін беріп, артық шығын мен уақытты үнемдеп, алыс-беріс пен логистикалық қарым-қатынасты жақсарта түспек. Сондықтан мұндағы әрбір құрылыс, жасалып жатқан әрбір жұмыстың белгіленген кестеден кешікпей орындалу барысымен танысқан Ұлттық компания басшысы қысқы мезгілдерде қатты соғатын теңіз толқынының паромның қозғалысына кедергі келтірмеу үшін жасалып жатқан тетраподтарды, оған тастардың қалай жеткізілетінін, шығыс молындағы жұмыстарды, теңіз түбінен тастардың шығару үдерісін де көрді. Сондай-ақ, порт арқылы еліміздің және транзиттік жүктердің келіп-кету сәтіне де куә болды.
Үстіміздегі жылдың басында іске қосу кешенінің бірінші кезегінің қолданысқа берілуі коммерциялық қызметке кірісіп, жүк вагондарымен бірге паромды тәулік бойғы режимде өңдеуге мүмкіндік берген болатын. Биылғы жылдың алты айындағы деректерге сүйенсек, 118 кеменің кіруі жүзеге асырылып, 510 мың тонна ауыстырылып тиелген.
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында Құрық порты құрылысының екінші фазасы – автомобиль өткелі жүзеге асырылған.
Қазіргі кезде паромдық кешеннің автомобильге қатысты нысандары бой көтеруде. Автомобильді пирске арналған теңіз айдыны түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде, ол жүк автокөлігін ауыстырып тиеуді қамтамасыз етпек. Сонымен қатар портқа Батыс жақтан кіре берісін кедергілеу құрылыстары жүргізілуде. Ал сыртқы электрмен жабдықтау желісі үшін 35 км сым тартылған. Бұдан бөлек, көлік шаруашылығы мен әлеуметтік мақсаттағы нысандар салынуда.
«Құрық портындағы паромдық кешен «Нұрлы» жол бағдарламасы аясында салынып жатыр және Транскаспий бағытында Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Біздің порт арқылы жүкті жеткізу жылдамырақ. Сондықтан екінші кезектегі нысандарды салу бойынша жұмыстарды белгіленген мерзімде бітіру өте маңызды», – деп атап өтті Қанат Алпысбаев.
Шын мәнінде, Құрық портындағы паромдық кешен, Әзербайжандағы Алят жаңа портындағы терминалдар, сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс Баку – Тбилиси – Ахалкалаки – Карс темір жол желісі, Босфор бұғазы арқылы өтетін Мәрмәрай темір жол туннелі Каспий теңізі арқылы қазақстандық тауарлардың еуропа нарығына тіке шығуын қамтамасыз етпек. Ал өз кезегінде, темір жол, макроаймақтық порт инфрақұрылымдарының дамуы ел экономикасына едәуір мультипликативті тиімділік әкелмек.
Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты