Өңірде отандық өндіріс өркендеуде
Жаңалықтар
25.07.2017, 11:16
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевты Павлодар облысындағы Ұлттық компания тобымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмысымен таныстырды.
Үкімет басшысы осы өңірге жұмыс сапары кезінде «R.W.S. Wheelset» ЖШС-нің теміржол білігі мен доңғалақ жұптарын құрастыру өндірісі бойынша жұмыс істейтін зауытында болды. Қанат Алпысбаев 337 млрд теңге тұратын материалдар және темір жолдың қосалқы бөлшектерін жеткізу бойынша отандық тауар өндірушілермен Ұлттық компания арасында келісімшарттар жасалынғанын жеткізді. Соның ішінде Павлодар облысынан құны 101 млрд теңгенің, яғни жалпы көлемнің 30% -ын алатын жоба бар.
Соңғы 3 жылда Павлодар облысы бойынша сатып алудағы жергілікті үлес 49-дан 68 пайызға дейін өскен. Оны 2017 жылы әлі 70 пайызға дейін өсіру жоспарда бар. Өңірде темір жол кластерін 15 кәсіпорын ұстанады. Олар осы сала үшін 100-ден астам өнім түрін жасап шығарады. Теміржол білігі мен доңғалақ жұптарын құрастыру өндірісінде «R.W.S. Wheelset» ЖШС былтыр екінші тоқсанда пайдалануға берілген. Жоба қуаты – жылына 42 мың білік және 20 мың доңғалақ жұп. Жоба құны - 11955,5 млн теңге. Қаңтар айынан мамырға дейін 753,8 млн теңгенің өнімі шығарылды. 3.0 Жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде темір жол саласына арнап өндірілетін бөлшектердің көлемі арттырылатындығы атап айтылды. ҚТЖ басшысы бұл өнімдердің Ұлттық компания мен елдің вагон жөндеу кәсіпорындары үшін қажеттілігін жоғары бағалады, себебі жүк вагондары үшін білік пен доңғалақ жұптары мұнда инновациялық технологиялар бойынша дайындалады. Компания зауытпен 2020 жылға дейін келісімшартқа тұрған.
Үкімет басшысына өз қызметі туралы «ҚТЖ» компаниясымен бірге жұмыс істейтін өзге де жергілікті кәсіпорындар таныстырды. Атап айтқанда, «R.W.S. BINDING» рельс бекітпелері мен полимер төсемдерін шығарса, ТОО «R.W.S. Concrete» бағыттама бұрмаларына арналған темір бетон білеулердің алдын ала бекітілген жинақтарын әзірлейді. «Қазақстандық вагон құрылысы компаниясы» ЖШС биыл жылдың соңына дейін темір жол үшін тағы 400 жүк тұтас темір вагон жеткізуді жоспарлап отыр. Даму перспективасында жетілдірілген пайдалану сипаты бар инновациялық ашық вагондар, шынжыр табанды техника және ірі тоннажды контейнерлер тасымалы үшін вагон-платформалар өндіру қарастырылған. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017-2019 жылдары осы зауытта және «ЗИКСТО» АҚ-да 3000 жүк вагондарын өндіру жоспарланған. Бұдан басқа да бірқатар жергілікті кәсіпорындар сала үшін түрлі жинақтар дайындаумен айналысады. Олар сонымен қатар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, жарты жылдық жұмыс көрсеткіштерін көрсетіп, алдағы кезеңдерге арналған жоспарларымен бөлісті. Делегацияға арналған таныстырылымнан кейін зауыт цехтарына экскурсия ұйымдастырылды. Бұдан соң премьер-министр еліміздің темір жол саласы мен Ұлттық компанияның жылжымалы құрамдарын толықтыруды және импорт ауыстыру, қазақстандық өнімдердің экспортын көбейту жөніндегі Үкімет бағдарламасын орындауды қамтамасыз ететін «Проммашкомплект» ЖШС-тің бағыттама бұрмалары мен темір жол доңғалақтарын өндіретін кешенін аралады. Жоба Индустриаландыру картасына енгізілген, оның жалпы құны 51,5 млрд теңге. Жабдықтармен 90% қамтамасыз етілген. Өндіріс пен тұрмыстық корпус бойынша құрылыс жұмыстары 99% орындалған. Жүзеге асырыла бастағаннан бері 44,1 млрд теңге қаражат игерілген. Жалпы жоба қуаты 75 мың доңғалақ, 1000 жинақ бағыттама бұрма, 200 жөндеу жинағын, 1000 дана крестовина, 3 мың дана жүк вагондарының арбасын өндіруге есептелген. 3.0 Жаңғырту бағдарламасы аясында 2018 жылдың басында «Проммашкомплект» жаңа қуатпен жұмыс бастауды көздеуде. Б.Сағынтаев кәсіпорындар жетекшілерімен сөйлесіп, олардың даму перспективаларына қызығушылық танытты және оларға жұмыс сапарының қорытындысынан соң бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Рашида МҰХАМЕТҚАЛИЕВА
Екібастұз
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды