Қамданған қапы қалмас

Жаңалықтар
25.07.2017, 11:47
Соңғы екі жылда Шымкент бөлімшесі аумағында өрт тұтанған жағдай болмады. Оңтүстікте күн райы қатты ыстық болғандықтан, өрт қауіпсіздігі  мамандары тілсіз жаудың аяқ астынан шығып қалмауын бақылауда ұстауда.  Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Өртке қарсы қызмет жасағы мекемесінің өзі жыл басынан бері екіге бөлінген. Бірі өрттің алдын алумен, екіншісі жалынды сөндірумен айналысады. Тілсіз жаудың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар міндетін атқаратын өрт қауіпсіздігі қызметінің бастығы Жетібай Сахиев әуелі 15 наурыз бен 15 мамыр аралығында өрттік техникалық тексеру айлығы жүргенін, дайындықтың ерте көктемде басталғанын айтып өтті. Барлық нысандар мен жылжымалы құрамның өрт қауіпсіздігінің техникалық деңгейін көтеру үшін болған айлықта  371 тексеру жүргізілген. Ал өткен жылы 520 нысан мен құрам бақылаудан өткен. Оның себебі, аталған мекеме екіге бөлінгеннен кейін өрт қауіпсіздігін сақтауға екі маманның ғана жіберілуінде болып отыр.  Бұрын бірге жүргенде үш пойыз бастығы, екі инспектор, бастық орынбасары бәрі жеті маман қосылып бақылауға шығатын. Жеті адамнан екеудің мүмкіндігі әрине аз. Осы себептен биылғы тексеру 149-ға азайған. Инспекторлардың аздығы жұмыс талабын сапалы атқаруға сай келмейтінін айтады өрт қауіпсіздігі қызметінің бастығы. – Қызылордада екі инспектор бір басшы, Жамбылда бесеу болса керек. Өйткені, Жамбыл жол бөлімшесінің пайдалану ұзындығы үлкен. Бірақ, олардың аумағында Шудан Сарышағанға дейінгі аралықта 700 км жазық дала жатыр. Біздікіндей Түлкібас, Манкент, Қызылсай сынды станциялар жоқ. Шудан шықсаңыз Сарышағанға бірақ тоқтайсыз. Инспекторды шақырымның ұзақтығына емес, нысанның көптігіне байланысты бөліп беру керек. Біздің бөлімшенің пайдаланым ұзындығы 570 км болғанымен, станция, бекет сынды 763 нысан бар. Мен Арыстан Түлкібасқа дейін және Леңгір, Текесу жағын тексерсем, Арыстағы инспектор Түркістан, Арыс, Сарыағаш, Жетісайды қарайды. Әр тарапқа орналасқан станцияны шетінен асықпай тексеріп шығу қажет. Соған келгенде қызметтік көліктің жоқтығынан қиналамыз. Бүгінге дейін өзіме берілген нысандардың 80 пайызын тексеріп шықтым. Қазір станиялардың паркіндегі әр жолдың шөбін тазарту, қоқыс қалдығын алу жұмыстары жүруде. Апта сайын әр парк жолының қанша пайызға шөп-шаламнан тазартылғанын көріп қайтамын. Шөп үйіндісін көрсем, дереу мекеме басшыларына қоңырау шалып, платформамен алып кетулерін талап етемін. Өйткені, күн ыстық әрі үнемі өкпек жел тұрғандықтан, жол жиегіне темекінің шоғы түссе, қураған шөптер бірден өртенеді – деген Жетібай Сахиев, кейбір телімдерде жолдың екі жағы қоқысқа толы екенін, оны темір жолға тым жақын орналасқан тұрғындардың  жол жиегіне төгіп тастайтынын қынжыла жеткізді. Өрттен сақтандыру бойынша жақында 8 нысанды тексеріліп, 19 кемшілік анықталыпты. 73 разъездер, тораптық, желілік станциялардан 162 ереже бұзушылық байқалған. Көпшілігінде өрттен қорғайтын шағын құралдардың мерзімі өтіп кеткен. Электр сымдары тұйықталып, розеткалары күйген. Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының 29 нысанын тексергенде, 20 ереже бұзушылық байқалған. –Жұмыс болғасын, кемшіліксіз болмайды. Тек соны дер кезінде түзету керек. Бөлімше басшылығы апта сайын станция жолдарының шөптер мен қалдықтардан қаншалықты тазарып отырғанын сұрап, біліп отырады. Айына бір рет бас ревизормен бірігіп селектор өткіземіз. Биыл жыл басынан бері ел темір жолы бойынша алты өрт оқиғасы тіркелді. Соның бірі Алматы-2 станциясында  жолаушылар пойызының вагонында болды. Келген шығын 427 мың теңгені құраған. Өрт жердегі темекі тұқылындағы шоқтың сөнбеуінен орын алған,–  деп әңгімесін тәмамдаған білікті маман бүгінде станция мен дистанция басшыларына станцияның парк жолдарында, барлық жерлерінде темекі шегуге қатаң тиым салынады деген тақтайша ілулерін талап етіп отырғанын айтады. Шымкент өрт сөндіру пойызы көктемде, ал арыстықтар  маусымда оқу-жаттығу сабақтарын өткізіпті. Бірде локомотивтен, бірде жылжымалы құрамнан жасанды «от» шығарып, соны сөндіру әдісін қайталапты. Жалпы, өрт сөндіру пойызы  жылына бір-екі рет облыстық төтенше жағдайлар департаментімен оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді.  Содан кейін үлкен өрттерде бірін-бірі көмекке шақырады.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты