ҚТЖ ҚХР мен Өзбекстан теміржол әкімшіліктерімен пойыздарды қабылдауды арттыру бойынша келіссөздер жүргізуде

Жаңалықтар
25.11.2025, 19:05

2025 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан – Қытай түйіспе пункттерінде ҚХР тарапынан пойыздарды қабылдаудың төмендеуі байқалды. Себебі – Үрімші мен Бейжіңдегі астық жүктерінен сынама алу және зертханалық талдаумен ұзақ тексеру рәсімдері (5 - 10 тәулік). Қазір пойыздар шоғырлануының өсуіне жол бермеу үшін ҚХР-ға құрамдарды жөнелту Қытай тарапының қабылдаудың нақты мүмкіндіктерімен келісілген тәуліктік жүктеме шеңберінде жүргізілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Астықтың маусымдық экспортының 70% Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Өзбекстанға едәуір көлемде тиесілі. Өзбек темір жолының өткізу қабілеті кіретін жүк ағындарынан едәуір төмен, бұл құрамдардың жиналып қалуына әкелді.

Бұдан басқа, өткен маркетингтік жылы алыс шетелге астық экспорты кезінде көлік шығыстарын субсидиялауға 40 млрд теңге (тоннасына 20-30 мың теңге өтемақы) бағытталды. Ағымдағы жылы субсидиялар қолданылмайды, бұл Орталық Азия мен ҚХР елдеріне жеткізілімдердің қысқа бағыттарға қайта бағдарлануына әкелді. Бұл жекелеген шекара өткелдеріне және көрші елдердің инфрақұрылымына жүктемені күшейтті. Субсидиялауды қайта бастау экспорттық ағындардың бір бөлігін қайта бөлуге, ҚХР мен Өзбекстанмен түйісулерге қысымды төмендетуге және астықтың неғұрлым біркелкі әкетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚТЖ-да астық тасымалдаушылар мен жабық вагондардың қажетті паркі жұмылдырылған, қажет болған жағдайда қосымша жылжымалы құрам тартылады. Мемлекеттік органдар мен бизнестің қатысуымен жағдайдың күнделікті мониторингін жүзеге асыратын Астық штабы жұмыс істейді. ҚХР және Өзбекстан темір жолдарымен пойыздарды қабылдауды арттыру, тексеру рәсімдерін жеделдету және түйіспелердегі жүктемені  түсіру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Маркетингтік 2025-2026 жылдары ішінде  (қыркүйек — 20 қараша) 3,8 млн тонна астық (+18%) тасымалданды, оның ішінде: 900 мың тонна – ішкі нарыққа (+32%), 2,9 млн тонна – экспортқа (+14%). Орталық Азия елдеріне экспорт 1,8 млн тоннаны (+24%) құрады, оның 1,3 млн тоннасы — Өзбекстанға (+34%).

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды