Пойыздар саны артты
Жаңалықтар
25.07.2017, 11:52
Шу – тоғыз жолдың торабы тоғысқан станция. Сәйкесінше, станция вокзалына келіп кететін пойыздар да толастаған емес. Әсіресе, Алматы – Шу телімінде екінші жолдың салынуы жұмыс ауқымын ұлғайта түскен. Вокзалдың өткені мен бүгінгі тыныс-тірлігі туралы өңірдегі жолаушылар нысанының басшысы Шолпан Арысбаева баяндап берді.
– Шу вокзалы 1989 жылы жаңаша кейіпке еніп, халық игілігіне берілді. Ал 1995 жылы қаңтарда Қазақстан темір жол магистралының Луговой – Шу телімін электрлендіру ісі мәреге жеткен-ді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы «Ұлы Жібек жолы болат магистралы арқылы қайта жаңғырып, осы арқылы Қазақстан Тынық мұхитта Еуропа елдеріне жететін трансконтиненттік темір жол желісіне қосылып отыр» деп, бұл желінің еліміздің болашақтағы экономикасына үлкен серпін беріп, мол пайда әкелетінін атап өткені белгілі. Жылдар өте Шу бекеті бірнеше мәрте жаңартылып, оның мүмкіншіліктері де күн санап арта түсті. Бұрындары Шу қаласы арқылы қатынайтын пойыздардың саны аз болса, бүгінде бекетіміз күніне жолаушылар тасымалына арналған 36 пойызды қабылдауға қауқарлы. Бұдан бөлек, жүк пойыздарының саны да 30-дан асып жығылады, – дейді вокзал басшысы.
Ал вокзалдың сыйымдылығына келер болсақ, мұндағы 200 адамға арналған күту залында қыс айларында күніне 300, ал жаз мезгілінде 1000-нан аса адамды еркін қабылдауға қолайлы жағдай жасалған. Қоғамдық тамақтандыру орны да заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бекеттің сыртқы келбеті де түрленіп, көркі артып келеді. 2013 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан бөлінген қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Қызылордалық «Ассонас-Дар» мердігер компаниясы вокзалдың жылу жүйесін қалыпқа келтіріп, шатырын ауыстырыпты. Енді алдағы жылы вокзалдың сыртын жөндеуден өткізу жоспарланып отыр екен.
– Алматы – Шу телімінде екінші жолдың салынып, пайдалануға берілуі Шу вокзалының жұмысына қандай да бір ықпалын тигізді ме? Пойыздар қай бағыттарға жиі қатынайды?
– Иә, Алматы мен Шу станциялары арасында екінші жолдың салынуы, пойыздар санын арттырды. Жаңа айтып өткен 36 жолаушы пойызының басым бөлігі Астанаға қатынайды. Жалпы осы бағыттар бойынша жылына 360 мың жолаушы билеті сатылады. Бірінші маусымнан бастап Астана қаласында «Нұрлы жол» жаңа темір жол вокзалының ашылғанын білесіздер. Ал осы жаңа вокзалға баратын «Алматы-2 – Астана – Нұрлыжол», «Шымкент – Нұрлыжол – Астана», «Жамбыл – Нұрлыжол – Астана» бағыттарындағы «Тальго» жүрдек пойыздары мен бірқатар стандарты темір жол көліктері біздің қаламыз арқылы өтеді. Олардың жүру жиілігі де жолаушылар үшін тұрақты және қолайлы, кестеге сай түзілген.
– Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай жолаушылар саны күрт өскен болар... Олар темір жол көлігімен бірге сатылатын кешенді билеттер жеңілдігін пайдаланып отыр ма?
– Бір қызығы, халықаралық көрмеге баратын жолаушылардың Шымкент, Тараз қалалары мен аудандарынан біздің бекетімізге келіп, пойызға отыруы арта түсті. Адам саны көбейген сайын оларға көрсетілетін қызметтің де сапасы жоғары болуы тиіс. Жалпы, вокзалда жолаушылар пойызына арналған үш жол болса, қазір соның үшеуі де бос болмайды. Сол себепті, Астанаға қатынайтын пойыздарға үш қосымша вагон тіркеліп, келіп-кетушілерге мейлінше қолайлы жағдай жасалған. Бірінші маусымнан бастап іске қосылған «Тараз-Астана-Тараз» жолаушылар пойызы да жоспар бойынша тұрақты қатынап жүр. Ал жолаушылар билетіне байланысты «дисконты карталар» жеңілдігін ұсынып отырмыз. Оның бағасы 10 мың теңге. Алайда, сол карта арқылы «Тальго» жүрдек пойыздарына 15 пайыздық жеңілдікпен билет алуға болады. Әрі қосымша ЭКСПО көрмесіне арналған тегін билеттің сертификаты да қоса беріледі. Сонымен қатар 7 жасқа дейінгі балаларға жол жүру ақысы тегін, ал 7-ден 15 жасқа дейінгілер үшін 50 пайыздық жеңілдіктер бар.
– Жолаушылардың көптігіне байланысты қандай қауіпсіздік шаралары қолға алынған?
– Вокзал стратегиялық нысан. Сондықтан жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында. Жуырда вокзалға кіретін үш есікке соңғы үлгідегі арнайы тексеру құрылғыларын орнаттық. Тексеру пунктінің үшеуі де тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, келіп-кетушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 19 бейнеқұрылғы орнатылды. Әрі әскерилендірілген теміржол күзеті мен желілік полиция қызметтерінің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Ал жергілікті тұрғындар мен жолаушылар үшін вокзалда барлығы 24 адам қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, халықты кассалық билетпен қамтамасыз ету үшін 5 касса жұмыс істейді. Оның екеуі Ұлттық компанияның иелігінде болса, үшеуі жекеменшік кассалар.
Ерман Әбдиев, Шу
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты