Дала өртінен қауіп көп
Жаңалықтар
25.07.2017, 11:55
Биылғы жаздың, оның ішінде шілде айының қатты ыстық болуы дала өрттерін көбейтіп, темір жолға қауіп төндіріп отырғанын айтады «ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының басшысы Қайырхан Таласов.
Оның мәлімдеуінше, өрт жуырда Бейнеу – Тассай телімінде болған. Яғни, учаскедегі темір жолға шамамен 5-6 шақырымдық аумақта егіс алқаптары өртенген. Абырой болғанда апат дер кезінде ауыздықталып, жолға дейін жетпеген.
–Шілденің басынан бастап еліміздің бірнеше өңірінде темір жол маңындағы өрттер тіркелді. 9-10 шілде аралығында, яғни бір ішінде Қазақстан темір жолы бойынша 4 темір жол жиегінің өрті кездесті. Қарағанды бөлімшесінің Жезқазған – Жаңаарқа телімінде егістік өртеніп, 700 дана ағаш шпалы жанып кетті. Соның салдарынан пойыз қозғалысы 16 сағатқа кешіккен. Қарағанды бөлімшесінің Жезқазған – ръзд 60 теліміндегі егістіктен шыққан өрт 30 ағаш шпалын отқа орады. Қарағанды бөлімшесінің Көкбекті – Қарағайлы телімінде темір жол жиегіндегі шөптердің өртенуі кездессе, 10 шілде күні Семей бөлімшесінің Шар – Жарма теліміндегі егіс алқабында болған қызыл жалын салдарынан темір жолдың 300 шпалын жанып кетті. Бұл 6 жүк пойызының тоқтап тұруына, сөйтіп, жалпы қозғалыстың 36 сағатқа кідіруіне әкелді, – дейді Қайырхан Таласов.
Дала өртінің алдын алу мақсатында, маңғыстаулық өртке қарсы қызмет жасағы басшылығы ауыл әкімдері, фермерлерден өрт қауіпсіздігі жөнінде тиісті ережелерді сақтауды талап етіп, өрт қаупі бар кезеңде шөп қалдықтарын жағуға қатаң тиым салған. Мұндай түсінік жұмыстары теміржолшылармен де жүргізіліпті. 859 жолсерікпен жол бойына жаңғыш қалдықтар, күл тастамау туралы, 68 машинист және көмекшілерімен май шүберектер мен темекі тұқылдарын қалдырып кетпеу бойынша, 264 монтерға далада от жақпау, қураған шөптерді уақытылы тазарту жөнінде нұсқау өткізсе, тағы бірнеше ескертпені халықтың, соның ішінде егін шаруашылығымен айналысушылардың назарына ұсынып отыр. Мамандардың айтуынша, егін жинайтын агрегаттар мен автокөліктер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталуы тиіс. Оған қоса егіс алқабының пісуі алдында оның топырақты және орманды алқаптарына, далалық жолақтарда, автокөліктік және темір жолдарға жалғасқан жерлерінде ені кемінде 4 метр болатын жер жырту жұмыстары жүргізілуі керек. Ал егер, аумағы 25 гектардан асатын егін алқабы маңында өрт шыға қалса, сол жерден соқа тіркелген трактор дайын тұруы қажет. Сонымен қатар мамандар егістікте шөп қалдықтарын өртемес бұрын 4 метрден кем болмайтындай жерді жыртуы немесе қопсытуы, өрт сөндіргіш техникасын дайындап қоюы қажет.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты