Алғашқы жартыжылдық қорытындыланды

Жаңалықтар
28.07.2017, 09:49
 Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2017 жылдың І-жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы және ІІ-жартыжылдыққа арналған міндеттеріне қатысты кеңейтілген жиналыс өтіп, оған Ұлттық компания басшысы жетекшілік етіп,  вице-президенттер мен филиалдар, құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ, желілік жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің басшылары қатысты. Жиынды ашқан Компания басшысы жалпы ел экономикасында, көрші елдерде болып жатқан пәрменді жұмыстар нәтижесінде тасымал көлемінің өсіп жатқанын атай  келе: –Бұл бізді қуантады. Алайда, біз бүгінгі жиында ағымдағы жылдың алты айының жұмысын қорытындылап, қай жерде осал тұсымыз бар, қай жерге мән беріп, басымдық танытуымыз керек, соны анықтап, алдағы жартыжылдықтың мақсат-міндеттерін айқындауымыз керек, – деді. Қанат Қалиұлының айтуынша, бүгінгі таңда негізгі даму тренді – бұл транзитті тасымалды дамыту болмақ. «Бұл біздің негізгі валюталық табысымыз. Біздің мақсатымыз, кіріс базасында транзитті тасымалдан түсетін табысты 35%-ға дейін жеткізу. Ол үшін дәстүрлі транзитпен қатар контейнерлік тасымалды дамыту керек. Бізде жылдамдыққа қатысты мәселе бар,  сонымен қатар қызмет көрсету сапасы да күн тәртібіндегі басты мәселе болып қалмақ» деді Компания басшысы. Транзитті-көлік әлеуетін көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, логистикалық жобаларды дамыту, биылғы бастапқы алты айдың жұмыс қорытындысы мен келер айлардың жоспарымен жиналғандарды ҚТЖ-ның логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев таныстырды. Ал «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның атқарған жұмысы мен алдағы міндеттерімен қоғам президенті Оралхан Кулаков бөлісті. ҚТЖ-ның негізгі құрылымы тасымалдау қызметінің жетекшісі ұсынған мәліметке сүйенсек, бірінші жартыжылдықта негізгі пайдаланымдық көрсеткіштер жоспары түгел жүз пайыз және одан асыра орындалған. Айталық, Компанияның пайдаланымдағы жүк айналымы 98,7 млрд.т.км неттоны құрап, жоспардан 3%, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% Жүк тасымалдау көлемі жоспарға сай, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7 млн. тоннаға немесе 13% өсіп, 128,5 млн. тоннаны құрап отыр. Оның ішінде, республикаішілік қатынаста көмір, химикат, құрылыс жүктері, түсті кен тасымалының көлемі артуы есебінен 13% өсім байқалған. Ал экспорттық қатынаста химикат, қара металл,  Ресей мен Еуроодақ бағытына көмір тасымалы, РФ-ға тыңайтқыш тасымалы есебінен 12% өсім; импорттық қатынаста темір кені, мұнай өнімдері, тыңайтқыш және құрылыс жүктері тасымалы артуы есебінен 23% өсім қамтамасыз етілген. Транзиттік қатынаста  өсім 7% құрап, 6,8 млн. тоннаға жеткен, әйтсе де бұл жоспардан 12% төмен екенін ескерген жөн. Сонымен қатар, транзиттік қатынаста контейнер тасымалы артқаны, әсіресе Қытай – Еуропа – Қытай қатынасында  екі есе артқаны байқалған. Компания басшысының «Ел аймақтарындағы жол бөлімшелеріне АСУ ДКР жүйесінің енгізілуі қалай?»  деген сұрағына, Оралхан Райханұлы бүгінде бұл жүйемен 19000 сыртқы және 12000 ішкі пайдаланушылар жұмыс істейтінін, қазір 44 станцияның 16-сы осы жүйеге қосылғанын, ал жыл соңына дейін қалған станциялар толық қосылатынын айтып сендірді. «KTZ Express» АҚ-ның  логистика жөніндегі вице-президенті Е.Қойшыбаев вагон паркіне қатысты жүргізіліп жатқан операциялар туралы баяндады.  Бұл тұрғыда Қанат Алпысбаев ашық вагондардың жетіспеушілігі бар екенін және ол өсе түсетінін, көптеген жекеменшіктегі тасымалдаушылар Ресей нарығына кетіп жатқанын, ал Ресей темір жолдары тарапынан ұсынылып отырған ашық вагондар бағасы Ұлттық компания бағасына сәйкес келмейтінін, десе де ҚТЖ  шығынға жұмыс істемеу үшін осы бағытта жұмысын күшейтіп, Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе жұмыс жүргізетінін жеткізді.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар барысымен  вице-президент Бауыржан Орынбасаров таныстырса, магистральдық темір жол нысандарының күтімі мен вокзал шаруашылығын жетілдіру төңірегінде атқарылып жатқан шаралар туралы Магистральдық желі дирекциясының директоры Жарас Ізғұлов баяндап берді. Темір жол көлігін қайта құрылымдау жобасымен Компания президентінің кеңесшісі Еркен Жусанбаев хабардар етсе,  «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның өндірістік-қаржылық қызметінің қорытындысы жайлы Қаржылық бақылау департаменті директоры В.Бабиченко баяндама жасады. Күн тәртібінде қаралған тағы екі мәселенің бірі, қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты болса, екіншісі еліміздің көліктік-логистикалық кешені үшін кадр дайындығын жетілдіруге арналды. Бұл мәселелерге қатысты Ұлттық компанияның бас инженері Батыр Қотырев пен «ҚазККА» АҚ президенті Бақытжан Қуанышев мағлұмат берді.  Кеңейтілген жиын барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев әр баяндамашы көтерген  мәселеге қатысты тиісті кәсіпорын басшыларына нақты тапсырмалар беріп, екінші жартыжылдықта алға қойып отырған міндеттердің  толықтай жүзеге асырылуы бақылауында болатынын мәлімдеді.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты