Еңбегі жанған жолшылар

Жаңалықтар
28.07.2017, 10:26
Теміржолдағы ең ауыр да жауапты жұмыс жол дистанциясына тиесілі десек қателеспейміз. Темір жол материалдарының, рельс-шпалдардың тозғанын жаңалап,  ақауларын жөндеп, жамап-жасқап, жүк және жолаушы қозғалысына қауіпсіз жол ашатын жолшылар еңбегіне баға жетпейді.      Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Атырау жол дистанциясының бас инженері Жәнібек Жұнтырбаевтың айтуынша,  дистанцияға қарасты 556 км бас жол бар. Атырау облысы, Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз станциясы мен Құрманғазы ауданы аумағындағы Дина Нұрпейісова атындағы бекетке дейін созылған темір табан жол 374 шақырымды құрайды. Атырау жол дистанциясына қарасты Мақат, Ганюшкин, Атырау мен Ақжайық сынды  ірі станцияларда 8 өндірістік телім қысы-жазы еңбек етіп, өз міндеттерін атқаруда.  Ақау табу арбашықтарын меңгерген  операторлардың барлығы тәжірибелі,  рельстердегі ақауларды анықтауда ілуде бір болмаса қателеспейді. Рельстер бойымен жүріп ақау анықтайтын ақаутапқыш арбадан өзге, айына бір рет  диагностикалық орталыққа қарайтын ақаутапқыш дифектоскоптық  «Автоматрица» вагоны  рельстердегі ақауды анықтау мақсатында рельс бойымен жүріп өтеді. Дистанция жолшыларының осынау күнделікті тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде жол күтімінде биылғы жартыжылдықта анау айтқан қауіпті ақау оқиғасы  тіркелмеген. Дистанция ұжымы  88 балл көрсеткішті 78 балдық көрсеткішке жеткізіп, жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр.  Өткен жылғы 83 балдық көрсеткіш биыл 5 балға жақсарған деген сөз.   Осынау тиянақты жұмыстардың нәтижесінде Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Атырау жол дистанциясы биылғы жылы «Салалық жарыстың жеңімпазы» номинация бойынша І орынды иеленіп отыр. –Сапалы қызметтің нәтижесінде бүгінде біз еш ақаусыз жұмыс істеп отырмыз. Жұмысымыздың үздік бағаланауы соның көрсеткіші. Биылғы жартыжылдықтың өзінде рельстерді ауыстыру жұмыстары бойынша  жоспарды орындадық. Ешбір ақау болмағандықтан пойыздардың кешігулері және оқыс оқиғалар орын алған жоқ. Енді биылғы жылы күрделі жөндеуге бөлінетін қаржының шешілуін күтіп отырмыз, – дейді бас инженер Жәнібек Сәуірбайұлы. Жол дистанциясында бүгінде 736 адам қызмет етуде. Олардың дені, әрине жолшылар. Қырық адам жол жөндеу машинисі болса, 34 жол шебері бар. Қазіргі таңда 30 шақты қызметкер Астана, Ақтөбе қалаларында білім жетілдіру курстарында екен.

Тұрсын ҚАЛИМОВА,

Атырау

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты