Көліктегі инновация – болашаққа қадам

Жаңалықтар
28.07.2017, 10:38
Ұлттық компания «Көліктегі инновация – болашаққа қадам» атты 5-ші рационализаторлар конференциясында саланың үздік рационализаторын марапаттады. Компаниядағы өндірістік үдерісті көтерудің тиімділігін арттыру мақсатындағы рационализаторлардың шығармашылық әлеуетін пайдалану және оны ынталандыруға бағытталған шарада Компанияның бас инженері Батыр Қотырев  инновациялық үдерісті басқарудың құрамдас бөліктері – идеяларды басқару, оның ішінде еңбеккерлердің іскерлік рационализаторлық идеяларын жинау және ортақ банкін жасақтау болып табылатынын жеткізді. –Бұл өз кезегінде өндіріске тиімді технологиялық және басқару шешімдерін орналастыру арқылы адами капиталдың дамуына ықпал етеді. Ұлттық компания тобында 2016 жыл қорытындысы бойынша 1200 рационализаторлық ұсыныс тіркеліп, өндіріске табысты енгізілді. Компанияда белсенді рационализаторлар саны 1300, – деді ол. Компанияның техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаевтың айтуынша, Компанияда рационализаторлық және өнертапқыштық ұсыныстарды қолдау мен ұйымдастыру «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновация мен білімді басқару жүйесінің бір парасы болып саналады. Ондағы мақсат идеяларды ынталандыру, жинақтау, оларға қолайлы орта қалыптастыруға негізделеді. «Қазіргі таңда Бағдарламаны жүзеге асырудың қосымша жобалары қабылдануда. Оның ішінде жолаушылар және жүк тасымалының табыстылығын көтеру, логистикалық бизнес, теміржол инфрақұрылымының тиімділігі, корпоративтік басқару мен әлеуметтік блок, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бар», – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Автоматтандыру және сандық жүйеге көшіру дирекциясының директоры Серік Төлебаев. Конференция барысында Компанияның 35 белсенді рационализаторына «Үздік рационализатор» кеуде белгісі табыс етілді. Осылайша, Компанияда 100 жаңашыл еңбеккер осы абыройлы атақты иемденсе, олардың сегізі екінші мәрте құрметті атақты жеңіп алды. Оның сыртында Компаниядағы рационализаторлық белсенділікті тұрақты қолдап келе жатқан сегіз үздік құрылым аталып өтілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнертапқыштық және рационализаторлық жүйеден «Үздік техникалық шешім» аталымы бойынша 26, «Үздік техникалық шығармашылықты ұйымдастырушы» аталымымен 13 жеңімпаз марапатталды. Ұлттық компанияның ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының директоры Наталья Смольянованың айтуынша, Компания республикалық «Рационализатор.kz» байқауының  белсенді қатысушысы болып табылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлері бірнеше рет «Үздік техникалық шешім» аталымы бойынша рационализаторлық байқаулардың жүлделі орындарын алып келеді. Конференция қызметіне «Укрзализныця» АҚ Техникалық саясат пен даму департаментінің директоры Владимир Шиш қатысты. Оның ойынша екі ел арасындағы тәжірибе алмасу теміржол саласының тиімділігін көтереді. «Теміржол магистральдық желісін рационализаторлық ұсыныстарсыз дамыту мүмкін емес. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен рационализаторлық саладағы тың жетістіктерімен Украина теміржолына қажетті жүйелерін танып білдім», – дейді В. Шиш. Компанияда теміржолшылардың инттелектуальдық әлеуетін дамыту мен инновациялық ұсыныстарын қолдауға басымдық берілген. Рационализаторлық қызметтер өндіріске жаңа техникалар мен ілгері бастайтын технологияларды енгізу, өндіріс көрсеткішін көтеріп және материалдық ресурстарды үнемдеуге жеткізеді.  

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты