Қозғалыс жиілігі артқан
Жаңалықтар
28.07.2017, 10:41
Қандыағаш станциясы тоғыз жолдың торабы саналғандықтан, бұрын да қозғалыстан кенде емес еді. Бүгінде қозғалыс тіпті жиілеп, арылы-берілі ағылған әсіресе жолаушы пойыздары көбейген.
-Жоспарды орындадық. Көрсеткіштер алдыңғы жылдармен салыстырғанда жақсарып келеді. Қазірдің өзінде барлық параметр бойынша жағдай әлдеқайда жақсы. Оның үстіне, осы жылы жолаушылар пойыздары саны артты. Соған орай жұмыс көлемі де бұрынғыдан көбейген, - дейді Қандыағаш станциясының басшысы Нұрибай Сәрсенов.
Станция басшысының айтуынша, мекеме сұрыптау станциясымен, вагон және локомотив шаруашылықтарымен қойын-қолтық жұмыс істейді. Станция арқылы EXPO-2017» көрмесіне орай үш жұп, яғни алты жолаушылар пойызы өтіп жатыр екен. Қыркүйек айының алғашқы онкүндігіне дейін қатынайтын жолаушы құрамдары арқылы Қандыағаш арқылы аталмыш көрмеге лек-легімен кетіп жатқан жолаушы да көп көрінеді. Орал, Атырау, Маңғыстаудан шыққан пойыздар Астананың жаңа «Нұрлы жол» вокзалына барады.
Нұрибай Сәрсеновтың айтуынша, жолаушылар пойыздарымен қатар жүк пойыздары да артқан. Мәселен, жол құрылысы жұмыстары көлемінің артуына байланысты Ақтөбе облысының Мұғалжар, Шалқар аудандарынан қиыршық тас тасымалданып жатыр.
-Күніне 30-40 вагон қиыршық тас Байғанин ауданы Қарауылкелді станциясына жіберіледі. 40-50 вагон Мақат станциясына жөнелтіледі. Облыс аумағында автомобиль жолдары салынып, қиыршық тас тасымалдануда. Сәйкесінше, жүк тасымалы көлемі де артты. Қандыағаштан күніне 10 вагон силикат жөнелтіледі. Сырттан әктас келеді. Жеке адамдар Маңғыстаудан қиыршық тасты да теміржол арқылы тасымалдайды. «Вернал Ойл» компаниясы да ай сайын 15-20 вагон мұнай композиттерін тиейді. Мұғалжар мен Бершүгір станцияларынан жөнелтілген вагондар Қандыағаш станциясының басында сұрыпталады, - дейді Нұрибай Сәрсен.
Бүгінде теміржолшылар алдында отандық вагон паркін пайдалану мәселесі өзекті. Өзге елдердің вагондарын пайдалану үлесі әлі де болса көбірек. Сондықтан, қазақстандық вагондар үлесін 60 пайыздан шамамен 80 пайызға арттыру көзделуде.
Айта кетейік, бүгінде Қандыағаш станциясында 265 адам еңбек етеді. Шалқар-Тассай теміржол тармағынан үш маман осында қызмет ауыстырыпты. Бүгінде олар айлық сынақтан өтіп жатыр екен.
-Бүгінде станция жұмысы толық автоматтандырылып келеді. Сигналистер орталықтандырылған жүйемен жұмыс істейді. Станция жұмысы бір сәтке де тоқтамайды, - дейді мекеме басшысы.
Асқар Ақтілеу, Қандыағаш
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты