Осы жылдың 10 айында Ақтау порты арқылы 4,2 миллион тонна жүк тасымалданды

Жаңалықтар
04.12.2024, 09:27

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов Ақтау және Құрық порттарының даму барысымен, сондай-ақ «Ерсай» және «Саржа» терминалдарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Порттардың басшылығы аймақтық және халықаралық сауданы кеңейтуге бағытталған даму жоспарларын ұсынды. Ақтау портында контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Қазіргі уақытта топырақты әкелу және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 20-дан астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жобаның инвесторы – Қытайдың ең ірі порттық компаниясы «Port Lianyungang Group». Жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл жоба жүзеге асқан соң порттың өткізу қабілеті жылына 240 мың ЖФЭ-ге (жиырма футтық эквивалент) дейін артады. Сонымен қатар, портта қайта тиеу техникасы жаңартылды: 4 тиегіш және салмағы 63 тоннаны құрайтын кран сатып алынды. Келесі жылы Ақтау портының су айлағында тереңдету жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.

Құрық портында биыл қараша айында жылдық қуаты 1 миллион тоннаны құрайтын жаңа астық терминалы іске қосылды. Биыл Иранға 2 800 тонна арпа жөнелтілді. 2024 жылдың мамыр айында «Ерсай» терминалы іске қосылып, Өзбекстанға 153 ірі габаритті жүк жіберілді. Сондай-ақ, Құрық портында теңіз кемелерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін кеме қозғалысын басқару жүйесі (КҚБЖ) енгізілді. 2024 жылдың алғашқы 10 айында Ақтау порты арқылы 4,2 миллион тонна жүк тасымалданды, ал Құрық портының паромдық кешені арқылы жүк тасымалы 22%-ға өсіп, 23 134 бірлікті құрады.

Бұл жобалар Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Транскаспий бағытының дамуына ықпал етеді. Сапар соңында Жәнібек Тайжанов Ақтау теңіз портының жұмысын жақсартуға қатысты бірқатар тапсырма берді. Теңіз порттары арқылы астық пен контейнерлерді тасымалдау көлемін ұлғайтуға баса назар аударылды.

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады