Ерлік осылай туады...

Жаңалықтар
04.08.2017, 12:37
Ұлы Мәртебелі Қауіпсіздік – теміржол көлігінде көздің қарашығындай  сақталатын осы бір қасиетті ұғымды қастерлеу барлық теміржолшы үшін заңдылық. Қарағандылық машинист Ерболат Жүнісов пен көмекшісі Максим Гаюк үстіміздегі жылдың 8 маусымында төтенше жағдайға тап болды...  Әдеттегідей, №83 Қарағанды – Мәскеу бағытындағы жолаушылар пойызын жүргізіп келе жатқан машинист Ерболат Жүнісов көмекшісімен екеуі  Астана станциясына кіреберісте, өздері бағыт алған жолда №238 жолаушылар пойызымен бетпе бет келеді.  Уақыт күндізгі 11 сағат 12 минутты көрсетіп тұрған.  Машинист көмекшісі Максим Гаюк жол бос емес, пойыз тұрғанын, яғни бағдардың дұрыс дайындалмағанын хабарлағанда  машинист Ерболат дереу тежегішке жармасып пойызды тоқтатып үлгереді... Осылай, сын сағатта сасқалақтамай, салиқалы да сауатты әрекет етіп, кәсіби біліктілік таныта білген Ерболат Жүнісов пен М. Гаюк екі жолаушы пойызының соқтығысуын болдырмай, темір жол көлігіне өз өмірлері мен денсаулықтарын аманаттап табыстаған жолаушыларды діттеген жеріне  дін аман жеткізді. Ерлік емей, немене?!  Кейіпкеріміз Ерболаттың темір жол саласында жұмыс істеп жатқанына он бес жылдың жүзі болыпты. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген қанатты сөз осы Жүнісовтер әулетіне арналып айтылса керек.  -Әкем Балғабай машинист. Таяу арада зейнетке шығады. Әкемнің ізін мен де, інім де жалғастырдық. Бір үйден үш машинистпіз. Әзірше, інім машинист көмекшісі, оның да арманы машинист болу, – деп сыр шертті машинист жігіт. Ағадырда туып өсіп, сол жерде еңбек жолын бастаған Ерболат 2013 жылдан бері Қарағанды сұрыптау локомотив пайдалану депосының  электровоз машинисі.  Әкесінің тәрбиесімен депода өтетін техникалық сабақтардан үнемі қалмай, білімін жетілдіріп отыру - Ерболаттың басты қағидасының бірі. Қолы боста күрес және  теннис сияқты спорт түрлерін ермек етіп, өсіп келе жатқагн үш баласының тәрбиесімен айналысады.  «Кім білген, менің де балаларымның бірі өскенде машинист мамандығын таңдар...» деп армандайды.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты