Контейнерлік тасымалдың көкжиегі кең

Жаңалықтар
20.12.2024, 09:05
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада «Көлік және логистика нарығы» атты VI халықаралық конференция өтті. «Silk way development fund» қоғамдық қоры ұйымдастырған маңызды іс-шараға ҚР Көлік министрлігі, ҚТЖ компаниясы және басқа да көлік саласындағы кәсіпорындар қолдау білдірді.

Конференцияға көптеген халықаралық және республикаға белгілі көлік саласындағы сарапшылар, компаниялар басшыларымен қатар «KTZ Еxpress» АҚ жаңа жобалар және маркетинг бойынша Басқарушы директоры Әсем Мұхамедиева қатысып, баяндама жасады. Ол компания жұмысы және тасымалдау мүмкіндіктерімен таныстыра келе Қазақстан арқылы өтетін маңызды дәліздердің артықшылықтарына тоқталды.  

– ТХКБ бойынша жүк жеткізу теңіз көлігіне қарағанда екі есе жылдам. Ал «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің әлеуеті 20 млн тонна, бүгінгі таңда бағдар бойынша «тар орындарды» жою жұмыстары жүргізілуде. Ал Трансауған бағдары бойынша жеткізудің жалпы мерзімін 35 күннен 22- 25 күнге дейін қысқарту жұмыстары іске асырылуда. Сонымен қатар ҚТЖ маңызды көлік бағдарларындағы терминал желісін дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Қазақстан арқылы трансқұрлықтық бағдарлар бойынша 27 млн тоннадан астам контейнер өтеді, соның ішінде 1 млн-нан астам контейнер – 20 ЖФЭ. Соңғы кездері біздің компания Еуропа мен Азияны біріктіретін жобаға айналған ТХКБ-ға ерекше көңіл бөлуде. Бұл дәлізді дамыту үшін оған қатысушы елдердің теміржол әкімшіліктерімен тығыз байланыста жұмыс жүргіземіз, – деді спикер өз сөзінде.  

Ол сондай-ақ Бірыңғай цифрлық терезе бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Оның айтуынша, ҚТЖ компаниясының коммерциялық қызметтерін жүзеге асыруға 36 ақпараттық жүйе қосылған. ҚТЖ-ның өзі көрсететін 19 коммерциялық қызмет бар.  

– Ақтау порты ТХКБ-ның маңызды бөлігі саналады. Биылғы 11 ай қорытындысы бойынша Ақтау портында жүк түсіріп тиеу 4 млн 500 мың тоннаны құрады. Бұл ретте тасымалданған контейнерлік жүктер көлемі 52 мыңнан астам ЖФЭ болды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,5 есе көп. Бұрын бізге кірісті мұнай жүктері берсе, қазір контейнерлік жүктер беруде. Бүгінде біз контейнерлік хаб құрылысын бастадық. Қолданыстағы порт қуатын арттыру көзделуде. Үшінші айлақты кеңейту, жаңа 13-айлақты салу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы мақсат – порттың өткізу қабілетін арттыру. 2025 жылдың 3-тоқсанында контейнерлік хаб құрылысының 1-кезеңі аяқталады. Біздегі басты проблема – Каспий теңізі деңгейінің төмендеп кетуі, – деді келесі спикер, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ коммерциялық жұмыстар жөніндегі атқарушы директоры Ахмад Мұстафин.  

Конференцияда сөз алған «Kazlogistics» Қазақстанның көлікшілер одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетов Қазақстан бойынша транзиттік тасымал жыл сайын артып келе жатқанын айта келе бұл саладағы өсімді қамтамасыз етуде ҚТЖ тасымал локомотиві және драйвері болып отырғанын жеткізді. Бірнеше бизнес-сессиялардан тұрған конференцияда Қазақстанның астық логистикасын дамыту, контейнерлендіру үшін порттар санын арттырып, Ақтау портын дамыту перспективалары, контейнерлендіру саласындағы халықаралық ынтымақтастық жайы да сөз болды.  

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды