Көңілді де тапқырлар клубы

Жаңалықтар
20.12.2024, 09:12
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жастар форумының аясында Көңілді және тапқырлар клубының өңіраралық ойындарының Басқарма төрағасының кубогы үшін ақтық бәсекесі өтті. Тоғызыншы рет өткізілген КТК финалына 4 команда жолдама алды. Атап айтқанда, бұл додада «Астана» құрамасы, «Маңғыстау. кз» командасы, Ақтөбенің «Батыс» құрамасы, Қарағандының «Активированный уголь» командасы Кубок үшін өзара бақ сынасты.

Ойын «2025 – Жұмысшы мамандықтары жылы» тақырыбына арналғандықтан, қатысушылар сол тақырыпты қамтуы керек болды. Бірінші кезеңде әр команда өздерін 5-7 минутта таныстырды, екінші кезең – биатлон, яғни әзілдер айту, үшіншісі ТЭЕ, яғни техникалық эксплуатация ережелеріне арналған бейнебайқаудан тұрды. Алғаш болып сахнаға шыққан маңғыстаулық жастар өз әзілдерінде «Дін, депутат болу, рэкет, Маңғыстаудағы әулиелер, мұнайшылықты емес, теміржолшылықты таңдау, қай мамандықта жұмыс істеу маңызды емес, оны адал атқару маңызды, Маңғыстау – қонақжай халық» тақырыптарын көтерді. Екінші өнер көрсеткен «Астана» командасы «Вокзал мәселесі, «100 жас есім» жобасына ену шарттарының күшейтілуі, жолсеріктер, суицид, еңбек қорғау» тақырыптарын қозғады. Қалған топтар да тіл мәселесі, вагондарды тіркеу, жолсерік, пойыз құрастырушы мамандықтарының жұмысына қарай әзілдерді сахналады.  

Келесі кезең биатлон бойынша командалар сахнаға шығып, әзіл айтып жарысты. Солардың ішінде «Астана» командасының «ҚТЖ-да вагондарда босану жағдайларының көптігіне байланысты жаңа мамандықтар, яғни машинист-гинеколог, жолсерікакушер қызметтері ашылмақ», «5 күн шақпаған маса анемияға шалдығыпты», маңғыстаулық ойыншылардың «Мешіт алдындағы «Сергек» кейбір қателіктерді кешіріп жібереді екен», Ақтөбе жастарының «ҚТЖ-да «Тіл құндылығы» туралы шеберлік сабағынан рухтанып шыққан әсерді Астана қыздарының биі су сепкендей басты», Қарағанды командасының «Электриктердің жатқан жері жарық болады екен» деген және басқа да өткір әзілдері көпшілікке езу жидырмады...  

Ал үшінші кезең – Техникалық эксплуатация ережелері бойынша командалар жол бойындағы қауіпсіздік мәселесіне арналған шағын роликтер көрсетті. Роликтер барысында әрбір топ өз станциясындағы вокзалдар, жолдар, локомотив ішінде бейнетүсірілім жасап, актерлік шеберліктерін де, жұмысты жақсы меңгергенін де байқатты. Әсіресе көпшілікке Маңғыстау теміржолшыларының «Менің атым – Қожа» фильмі желісінде түсірілген бейнеролик сапасы, мағынасы және актерлік шеберлігі қатты ұнады. Кадрлардың анықтығы, қазақылығы, Қожа пойыз құрастырушы бола жүріп, кинодағы Қожа секілді пойыз құрастыру ережелерін сақтамай жиналысқа түсуі, сосын айна алдында енді ережеге сай жұмыс істейтінін айтып, өзін-өзі тәртіпке шақыруы – бәрі де өте сенімді шықты.

– Абай атамыз айтып кеткендей «Ойын арзан, күлкі қымбат», сол қымбат күлкіні бүгін бізге сіздер сыйладыңыздар, осындай талантты әріптестермен бірге жұмыс істейтінімізге қуаныштымын. Қарбалас жұмыс арасында бұл ойынға дайындалуға уақыт тауып, әзілдер шығару, оны сахнада көңілге қонатындай, ел күлетіндей ойнау өте қиын шаруа. Себебі бәріңіздің жұмыстан бөлек отбасыңыз, жеке шаруаңыз бар екенін білеміз. Баршаңызға сол үшін алғысымыз зор, – деді қазылар алқасының мүшесі, Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының кадрлық әкімшіліктендіру департаментінің директоры Аяужан Баймаханқызы.

Ойын нәтижесінде қазылар алқасы жоғары ұпай жинаған жүлдегер командаларды атады және үш номинация бойынша оларды марапаттады. Сонымен бірінші орынды «Астана» командасы, екінші орынды «Маңғыстау.кз» командасы және үшінші орынды Қарағандының «Активированный уголь» құрамасы иеленді. Сондай-ақ «Үздік бейнеролик» аталымы Ақтөбенің «Батыс» құрамасына, «Үздік әзіл» аталымы «Астана» командасына және «Үздік ойыншы» аталымы маңғыстаулық ойыншы, яғни роликте Қожа рөлін сомдаған Азамат Абибулдаға берілді. Барлық жеңімпаздар Дипломдар және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды