Жамбыл өңірінде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүріп жатыр?

Жаңалықтар
20.12.2024, 16:18

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желісінің Жамбыл бөлімшесінде теміржол кәсіпорындары барлық кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жол шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту белсенді жүргізілуде. Жамбыл жолшылары негізгі бағыттарының бірі – темір жолдардың ағаш негізін темірбетонға ауыстыру, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Соңғы бес жылда бөлімшенің 192,64 км жолын күрделі жөндеу кезінде 242 556 жаңа темірбетон шпалы төселді.  

Осы жылы Жамбыл өңірінде 26,05 км-ге күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ 1,3 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Жамбыл – Жаңатас учаскесінде күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Негізгі жолда 213 жиынтық мөлшерінде жаңа темірбетон арқалықтарға бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жүргізілді.  

Бірлік-2 станциясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.  Мұнда теміржолшылар 29 мың текше метр жол қиыршық тастарын және темірбетон негізіндегі бағыттамалық бұрмалардың 32 жаңа жиынтығын салады.  

Жол жұмыстары арнайы жол машиналарын қолдану арқылы жүргізіледі. Магистральды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу кезінде жол шаруашылығы кәсіпорындарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Шу машиналандырылған жол дистанциясы техникасы пайдаланылады, оның паркінде 61 бірлік арнайы машина бар.  

Ескі жылдықтарды жөндеумен, ұзындығы 800 метр бунаққа жаңа рельстерді дәнекерлеумен Луговск рельсті дәнекерлеу кәсіпорны айналысады. Кәсіпорынның техникалық жабдықталуы рельстерді тек стационарлық жағдайда ғана емес, сонымен қатар тікелей жолдарда  өздігінен жүретін жол рельстідәнекерлеу мәшине (ӨЖРД) типті жылжымалы машиналармен дәнекерлеуге мүмкіндік береді.  

Шу–Отар учаскесі бойынша өткізу қабілетін арттыру үшін Алайғыр станциясында 2/4 және Көктөбе станциясында 5/7 жаңа бағыттамалы көшелер салынды. КТҚК (көпфункционалды техникалық құралдар кешені) бекеттік жабдығы 19 станциядағы модульдік контейнерлерге көшірілді. 2023 жылы Саршыған, Шығанақ, Шу, Түрксіб, Тараз станцияларында желілік-аппараттық залдардың (ЖАЗ) өңірлік байланыс тораптарын жаңғырту жүргізіліп, онда бағдарламалық-аппараттық жабдықтар кешені пайдалануға берілді.  

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде теміржолшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Автопаркті жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы «DONGFENG» маркалы 14 автомобиль, қалпына келтіру пойызына арналған 1 ЧЕТРА Т-35 бульдозері және 1 МПТ-6 мотовозы сатып алынды.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда