Ата кәсіпті жалғаған
Жаңалықтар
04.08.2017, 16:23
Қызылқоға ауданы, Сағыз елді мекеннің тумасы Абай Көптілеуов ес білгелі теміржол бойындағы ауыл тіршілігінің куәсі болып, ата-анасының теміржол табанында үзбей қызмет еткенін көзімен көріп, көкірегіне түйіп өскен соң, теміржолшы мамандығын таңдауым заңды деп біледі.
Қарапайым қоңыр тіршілік еткен Жауынбай Көптілеуовтың қыздарынан соң дүниеге көптен күткен ұлы Абай келгенде ағайын «ата кәсіпті жалғастыратын теміржолшы туды» деп сүйінші сұраған екен. Әкесі Жауынбай мен анасы Сұлушаш теміржол саласы ен қиын жылдарды бастан өткерген жылдарында тынымсыз еңбек еткен жандар. Кеңес жылдары жол монтерінен бастап жол шеберіне дейін өскен, еңбегі бағаланған Жауынбай ақсақал 1976 жылы «Құрмет» белгісі орденімен, 1986 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрметті теміржолшы» салалық марапаттармен марапатталған екен. Өткен жылы туған жері Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атанған әке кәсібін жалғаған ұл Абай Жауынбайұлы сол асқар таудай әке беделіне титтей де дақ түсірмеуді бала кезден ұстанған.
1986 жылы әскерден келген соң тепловоз машинисінің көмекшісі оқуын тәмамдап, еңбек жолын бастаған ол Мақат депосында он шақты жыл тер төкті. 1995 жылы Атырау жол дистанциясының жол жөндейтін машинасының машинисі болып орналасып, қазіргі күні Сағыз станциясында абыройлы еңбегін жалғастыруда.
–Әкем мен анамның еңбегінің ауырлығын білсем де, теміржолдың табанды тәртібіне бағынудан қашқақтамай теміржолшы мамандығын таңдадым. Қай салада да қиындық болады. Бірақ темір табанды жолдағы қиындықты көз көріп жүргендіктен айтарым, сабырлық пен қырағылық болса теміржолшы жеңбейтін қиындық жоқ. Теміржолда еңбек қорғау шаралары, қауіпсіздік бірінші орында. Жұмыста ми мен қол қатар жұмыс істейді, әйтпесе қателесу бір-ақ сәтте, – деп сыр шертті кәнігі теміржолшы.
Жол аралықтарындағы белгілердің қызметін жатқа білу, соған қарай көлікті басқару, биік жер мен «тар» жолдарда қырағылықпен сақ жүріп материалдарды, жабдық, құрылымдарды, жолшыларды жұмыс орнына күнде тасымалдау, станция шеңберінде маневрлік жұмыстарды да атқару, жөндеу, монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде кран құрылғыларын және басқа да арнайы механизмдерді басқару секілді кез-келген ауыр жұмыстың ешқайсысынан қашпай, бел ортасында жүретін Абай Жауынбайұлы ұжымға аса сыйлы, абыройлы азамат екенін біз емес, басшылықтың аузымен естіген жөн болар.
–Атақты ардагер теміржолшының ұрпағы ешқашан ұятқа қалдырған емес, қандай жауапты істі болсын сеніп тапсырамыз. Сағыз ірі станция болғандықтан жұмыс қарқыны қашан да қызу, жұмысы да ауыр, жігіттің жігіті шыдайтын жұмысты тастай орындап отыратын азаматтан айналмайсың ба?! – дейді Атырау жол жөндеу мекемесінің бастығының бірінші орынбасары Темірзақ Кетебайұлы.
Міне, биыл да теміржолшы қауым төл мерекелерін атап өтуде. Мерекеде мерейі үстем болып, еңбегі жанған теміржолшылар қатарында Абай Көптілеуов те бар. Қазақстан теміржолының дамуына қосқан отыз жылдан астам еңбегінің арқасында «Кәсібі бойынша үздік» белгісімен марапатталып отыр.
Тұрсын ҚАЛИМОВА
АТЫРАУ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты