Техника тілінің тамыршысы
Жаңалықтар
04.08.2017, 16:29
Семей вагон пайдалану депосының Аягөз техникалық күтім бекетінің вагон қабылдаушысы Жанат Байзақовты дөңгелек жөндеу цехынан, қауырт жұмыс басынан кездестірдік.
Жөндеуден өтіп, қайта жаңарған вагондардың әр бөлшегін мұқият тексеруден өткізіп жатқан маманның қиядағыны шалатын қырағы көзінен ешнәрсе де тыс қалмайтын секілді өткір екен. Бұл вагондардың барлығы да күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға қайтадан берілмек. Яғни, бүгін-ертеңдері желі бойына жіберілетін болады. Әйтсе де, ол үшін қатаң тексеру қажет. Бірінші кезекте әрбір бөлшек вагон қабылдаушы Жанат Қадырұлының қолынан өтеді.
–Уақыт темірді де тоздырады. Ал үнемі қолданыста жүргендіктен вагонға айрықша күтім қажет. Жалпы сипатында, вагон ақаулықтары негізінен техникалық және эксплуатациялық деп екіге бөлінеді. Бүгінгі күндері кездесетін ақаулықтардың түрлері көп. Мәселен, дөңгелектің қызуы, бүйір рамасының жарықшағы, кузовтың, ішкі қаптаманың, есіктердің сынуы орын алып жатады. Мұның барлығын қадағалау зор жауапкершілікті талап етеді, – дейді Жанат Байзақов.
Вагондардың бүлінуі тек зауыттағы жіберілген ақаулықтардан ғана болмайды. Жүк түсірушілердің де артық күш түсіріп, сындырып алып жататын жайттары жиі кездеседі. Ал вагон қабылдаушының бір міндеті сол – ақаулықтың табиғатын анықтау. Шара қолдану үшін хаттама толтырып, вагонды жөндеуге жіберу.
Жанат Қадырұлы вагон депосы бойынша еңбек өтілі ең ұзақ, аса тәжірибелі мамандардың бірі. Бір ғана вагон шаруашылығында табан аудармастан еңбек етіп келе жатқанына биылғы кәсіби мерекеде 41 жыл екі ай, 15 күн болады екен. Аягөз өңіріне танымал Байзақовтар династиясының екінші буын өкілі.
–Бүгінгі күнгі жұмыс бұрынғымен салыстыруға келмейді. Байырғы жылдары желі бойында бұзылған вагондарды түнделетіп барып, дөңгелектерін де өз күшімізбен сол жерде көтеріп ағытатынбыз. Ал, бүгінде арнайы техника мен заманауи құрылғылар жұмысымызды біршама жеңілдетті. Тек қырағы әрі жауапты болсаң жеткілікті, – дейді Жанат Байзақов.
Кейіпкеріміз вагон шаруашылығының барлық сатысынан өткен. Осынау бір ғана салада жүріп, слесарь, бригадир, шебер, аға шебер, вагон қараушы, ПТО бастығы, өндірістік нұсқаушы сынды жұмыстарды атқарған. Ал, вагон қабылдаушы болу үшін бірінші кезекте осынау міндеттерді тұтастай білуің керек.
Жанат Байзақов теміржол саласына әкесі, шойынжолда 47 жыл еңбек еткен Қадырдың өсиетімен келіпті.
Бүгінде династияның өзге мүшелері де Семей теміржолын өркендетуде еселі еңбек етуде. Үлкен ағасы Серікболат Қадырұлы да осы Аягөздегі депода еңбек етті. Өзінің сыңары, егізі Марат та ұзақ жылдар бойы вагон депосында қызмет атқарған болатын. Қазір денсаулығына байланысты зейнетке шыққан. Ал інісі машинист болып жүр. Олардың балалары да теміржол саласында еңбек етуде.
– Халел Насибуллин, Аман Құрманбайұлы, Александр Иванович, Серік Құрақбаев сынды кешегі күннің майталман теміржолшыларының тәрбиесін көрдім. Алдыңғы толқыннан түйгенім, үйренгенім көп болды, – дейді Жанат Байзақов.
Семей вагон пайдалану депосының бастығы Әсет Сүлемйменов майталман маман туралы: «Вагон шаруашылығының нағыз маманы, оның әрбір бөлшек-тетігін қолмен ұстап, ақауын тамыршыдай дәл анықтайтын керемет қасиеті бар жан» деп тамаша теңеу айтты.
Қуаныш Қожаев, Аягөз
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты