Азамат деген атқа сай
Жаңалықтар
04.08.2017, 16:41
Семей теміржолында бірыңғай тек қозғалыс саласына маманданған Нұрғалиевтар әулетін шығыстағы теміржолшы қауым жақсы біледі. Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиев осы әулеттің үшінші буыны.
Үшінші класты станция бастығы орда бұзар отызды енді орталаған жас болса да тәжірибелі теміржолшы. Жоғары білім, кәсіпке деген сүйіспеншілік, үздіксіз ізденіс, жұмысқа деген ынта және жетістіктен ләззат алу сынды өндіріс жетекшісіне тән қасиеттің бәрі Азамат Қанапияұлының бойынан табылады.
Ең алғаш өзі туып-өскен мекен Жаңғызтөбе станциясының бағыттау қосынының аға кезекшісі болып қызметке кіріскен жас жігітті бүгінде теміржолдың бүге-шігесін толық меңгерген саңлақ маманға айналды десек болғандай. Теміржолдағы еңбек жолында станция кезекшісі, Еңірекей – №7 жолайрығы бойынша қозғалыс ревизоры сынды сатылы еңбек жолдарынан өтті. Ал, 2014 жылдың наурызынан бастап жүк айналымы жоғары, табиғаты аса қатаң Жаңғызтөбе станциясын басқарады.
Азамат Қанапияұлының Жаңғызтөбеде алғаш қолға алған жұмысы станция бойынша теміржолшылар қызметіне қолайлылық жасай отырып жұмыс тиімділігін арттыру болды. Осынау межеге биыл толық қол жеткізді деуге болады. Ол рационализаторлық бастамаға байланысты, яғни басшының өнертапқыштық қабілетінің арқасында қол жеткен жетістік деуге болады. Мәселен, өзі басқаратын 3-ші класты станцияның бағыттамалы бұрмалары қолмен жүргізілетіндіктен жаңғыртуды, жаңашылдықты талап ететін. Азамат ұжымдағы аға буынмен ақылдаса келе бағыттамаларды жетілдіруді ойлап тауып, жүзеге асырды. Яғни, бағыттамалар сілтеуіштерін жаңарту мақсатында герметизациялау ісін жолға қойды. Мұнымен қоса, штырь-фиксаторлар жұмысын жаңғыртты. Қосымша механизмдермен жаңартылып, жетілдірілген құрылғының ендігі аралықта пойыз қозғалысы кезіндегі тиімділігі зор болмақ. Осылайша, орталықтандырылмаған станцияның жұмысы жаңа бағытқа түсті. Осылайша, ұзақ жылдар бойы қордаланып келген күрмеулі мәселе аяқ астынан оң шешімін тауыпты.
Бұл жаңашылдық Семей бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімі тарапынан ерекше жаңашылдық ретінде жоғары бағаланды. Азамат Нұрғалиев әзірлеген, жетілдірілген, маңыздылығы айрықша жаңа құрылғының қағаз бетіне түсірілген сызба-нұсқасы қазіргі күні қозғалысшылар үшін аса құнды дүние саналады.
Айта кетерлігі сол, бұрынғы құрылғылар линзалы болатын. Жарығы әлсіздеу әрі жаңбырлы күндері су тисе жылдам істен шығатын-ды. Ал қазіргі күні ауыстырылған жарық-диодты арнайы лампалар желі бойына «ай сәулелі» жарық шашады. Ендігі аралықта бұрынғыдай жауын-шашыннан келер қауіп жоқ, байырғыша жылдам күйіп кете бермейді, қызмет көрсету мерзімі әлдеқайда ұзарған. Бұл құрылғының станция қызметіне әсері бірден байқалыпты.
Азаматтың Жаңғызтөбе станциясы мен оның тұрғындары үшін сіңірген еңбегін ұжымы да жоғары бағалайды. Мәселен, осыдан үш жыл бұрын «Алматы-Защита» бағытымен жүре бастаған Тальго пойызы аталмыш станцияға аял жасамайтын-ды. Станция басшысы құзырлы орындар басшылары мен аудандық әкімдік пен халық қалаулыларына құлаққағыс қыла жүріп, оған да қол жеткізді. Қазіргі күні халық саны жоғары Жарма мен Көкпекті, Зайсан, Ақсуат аудандарының тұрғындары үшін қолайлылық туындады.
Станция бастығы қазіргі күні Жаңғызтөбе кентін қақ жарып өтетін желі бойы үстінен жаяу жүргіншілер үшін көпір салу мәселесін көтеріп жүр. Ал, станцияның өзі екі жыл қатарынан бөлімшедегі барлық 53 айырма пункт арасында бірінші орынды иеленіпті. Осының өзі теміржол саласына жан-тәнімен берілген жігіттің жарқын болашағын танытады.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Жаңғызтөбе
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты