Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде салалық кәсіподақтың құрылғанына 25 жыл толуына орай кәсіподақ өкілдері бір топ азаматқа алғысы мен құрметін көрсетті.   «Қазақстан салалық теміржол кәсіби одағы» Батыс филиалының төрағасы Ғабит Сыдықов алғашқы төсбелгіні Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұловқа тақты. Өз кезегінде, бөлімше басшысы кәсіподақ ұйымы қызметінің маңызы зор екенін айта келе жұмысшылардың құқықтары мен мүдделеріне аянбай қызмет ете беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен бірге, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Кәсіподақтың ширек ғасырлық тойына арналған төсбелгі сонымен бірге Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Жайлаубай мен бөлімшенің қауіпсіздік жөніндегі бас ревизоры Еркінбек Елғондыға берілді. Мұндай құрметтен «Теміржолсу», «Әскерилендірілген теміржол күзеті», «Жолаушылар тасымалы», «Вагон-сервис», «Ремпассажирвагон-2» мекемелерінің өкілдері де құр қалмады. Сондай-ақ, сала зейнеткерлері де назардан тыс қалмады. Ал, Ақтөбе ағаштарды қорғау дистанциясы, Жем және Ақтөбе локомотив пайдалану деполары, Ақккемер станциясы, Ақтөбе жол, электрмен жабдықтау дистанциялары, Ақтөбе теміржолшылар оқу орталығының қызметкерлері Кәсіподақ филиалы мен жүк тасымалы бөлімшесінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе