Қытай Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалап, көлік жобаларының маңыздылығын атап өтті

Жаңалықтар
16.01.2025, 10:13
Фото: Сенат

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев және Палатаның бір топ депутаты Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Сапар аясында Қытайдың Халықтық саяси консультативті кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Ван Хунинмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзимен кездесулер өтті.

Парламент Сенатының Спикері Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту жолында екі мемлекет басшыларының достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасы ерекше мәнге ие екенін, соның нәтижесінде қазіргі таңда екіжақты тиімді уағдаластықтарға қол жеткізілгенін және аса маңызды құжаттарға қол қойылғанын атап өтті. Сұхбат барысында сарапшылардың Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастарды дамудың жаңа «алтын дәуірі» ретінде бағалағаны да айтылды.

Өз кезегінде Ван Хунин қазақ-қытай қарым-қатынастарының деңгейіне жоғары баға беріп, екі мемлекет басшыларының өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жандандыру жолындағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың айрықша маңызына назар аударып, Қытай алдағы уақытта белсенді диалогты нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетуге және екіжақты форматта да, халықаралық аренада да біздің мемлекетпен өзара іс-қимылды белсенді дамытуға мүдделі екенін айтты.

«Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Бүгінде бұл бағыт Азия мен Еуропа арасындағы жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етеді. Қазақстан мен Қытай арасында «Аягөз-Тачэн» үшінші темір жолының құрылысы басталып жатыр. Сондай-ақ үшінші шекаралық теміржол өткізу пунктін ашу жоспарлануда. Орта дәліздің әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалану елдеріміз арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз», – деді Мәулен Әшімбаев.

 

Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды