ЭКСПО қонағы – балалар
Жаңалықтар
08.08.2017, 10:16
Күллі әлем көз тіккен көрмені көріп, тамашалауға асыққан адамдардың аяғы әлі басылған жоқ. Солардың қатарында жазғы демалыстарын тиімді пайдаланған жас жеткіншектердің де қатары мол.
Өткен аптада теміржолшылардың балалары да елорда қонағы болды. Бүгінде «ҚТЖ»ҰК»АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ -ның «Туған елге саяхат» атты жобасы аясында экскурсиялық тур өтіп жатыр. Бұл бірегей жобаға теміржолшылардың 150 баласы мен шығарма жазу байқауынан үздік шыққан 50 жас жеткіншек қатысуда. 10 күнге созылған турда бұл жасөспірімдер 2 тамыз бен 12 тамыз аралығында Қазақстанның 4 қаласын аралауы жоспарланған. Бұл турды олар Астанадан бастады.
– Бұл жобаның мақсаты – балалардың патриоттық сезімін ояту. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жасөспірімдер осындай жобалар арқылы туған елге саяхаттап, елдің көрікті жерлерімен танысып, көкжиектерін кеңітпек. Оған қоса, өздеріне көптеген достар таппақ. Турды біз бас қаладан бастаған себебіміз, Астанада әлем көз тіккен ЭКСПО көрмесі өтіп жатыр. Мұнда ҚТЖ-ның да павильоны бар. Біз балаларды осы көрмеге арнайы әкеліп, таныстырып жатырмыз,-деп мәлімет берді лагерь тәрбиешісі Самал Әбілбек.
Жан-жақтан жиналған жасөспірімдер Ұлттық компания павильонын тегіс аралады. Мұнда олар «Жаңа Жібек жолы» орталық интерактивті үстелін қызықтап қарады. Сондай-ақ «Теміржол машина жасау ісі», «Логистикалық инфрақұрылым: қазақстандық көліктің Батыс және Шығыс қақпасы», « Астана халықаралық әуежайы мен «Нұрлы жол» жаңа темір жол вокзалы» «GE виртуальды шынайылық жүйесі», «Темір жол көлігінің энергия үнемдеудегі үлесі» экспозицияларын тамашалады. Көрмені аралау барысында жас жеткіншектер өздерін қызықтырған сан сұраққа жауап алып, теміржолшылардың костюмін киіп естелікке суретке түсті.
– Мен Семей қаласынан келдім. Әкем-теміржолшы. Астананы аралап, ЭКСПО көрмесін көріп қуанып жүрмін. Көптеген достар таптым. Көңіл-күйім керемет! Бізге осындай жақсы дүниелерді көрсетіп жатқан ұйымдастырушыларға рахмет айтамын, -деп ой бөлісті Ердос Еркежанұлы
Күнұзаққа көрмені тамашалаған жастар кешкісін би алаңында бас қосты. ҚТЖ-ның оқу орталығында флешмоб билеген жас патриоттар кеш соңында арман-тілектерін айтып, көкке шар ұшырды.
Еліміздің бас қаласынан бастау алған «Туған елге саяхат» жобасы Қазақстанның Ақтау, Түркістан, Алматы сынды қалаларында жалғасын таппақ.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты