Қазақстан – Иран: сауда-экономикалық ынтымақтастық артуда

Жаңалықтар
08.08.2017, 10:25
Соңғы жылдарда жоғарылай түскен Қазақстан мен Иран елі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті жақын болашақта екі жақты тауар айналымын 1,5 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Екі елдің арасындағы тауар айналымы 2015 жылы 635 миллион АҚШ долларынан көп болған. Яғни, экспорт – 566 млн, импорт – 69 млн АҚШ долларын құраған. Ал 2016 жылы айналым 596,4 млн доллар болды. Қазақстан – Иран арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша үкімет аралық комиссия тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Аталған комиссияның тең төрағалары ҚР даму және инвестиция министрі                            Ж.Қасымбек және ИИР ауылшаруашылығы министрі М. Худжати  болып табылады. ҮАК-ның 15-ші отырысы былтыр желтоқсанда Тегеранда өткен болатын. 2005 жылдан бастап 2015 жылдың 9 айына дейінгі аралықта Ираннан Қазақстанға тартылған тікелей инвестицияның жалпы түсімі  245,5 млн АҚШ долларын құраса, осы аралықтағы керісінше бағыттағы тікелей инвестицияның жалпы жылыстауы 20,4 млн доллар болды. –Екі жақты сауда-экономикалық байланыстарын дамытуға «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізінің бойындағы Өзен (Қазақстан) – Қызылқия – Берекет – Этрек (Түрікменстан) – Горган (Иран) теміржол желісін пайдалану ықпал етті. Аталған теміржол желісіне қосымша жүк ағымдарын тарту үшін ТМД-ның тариф саясатында қолданыстағы төлем коэффициентін 0,5 көлемінде азайтуға мүмкіндік беретін келісімдерге қол жеткізілді, – дейді газетімізге арнайы сұхбат берген «ҚТЖ– ЖТ» АҚ-ның Иран Ислам Республикасындағы өкілдігінің басшысы Нұржан Тұрсынбеков. Иран аумағындағы Инчи-Бурун жүк астық терминалының құрылысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жөніне тоқталған елшілік басшысы қазіргі сәтте «Казах Бор Хазар» компаниясының өкілі Горган қаласында екенін және ол терминал құрылыс үшін жер телімін алу жұмыстарымен айналысып жатқанын айтты. Терминал құрылысы 2017 жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарланып отыр. Былтыр Қазақстан мен Иран арасындағы тасымал көлемі 2 117 мың тоннаға жетіп, 293 мың тонна немесе 16%-ға артқан болатын. Бұған қара металл, астық, тиелімінің ұлғаюы есебімен экспорт тасымалының көлемі 247 мың тонна немесе 14%-ға өсуі себеп болды. Ал транзиттік тасымал 89 мың тонна болып өсіп, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 49 мың тоннаға немесе 121%-ға өскен. Бұл көрсеткіш те Ресейден астық пен қара метал тасымалының және Ираннан Қырғызстанға химиялық жүк көлемінің артуының арқасында болып отыр. Осы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстан мен Иран арасындағы тасымал көлемі 606 мың тонна болыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 360 мың тоннаға немесе 37%-ға кеміген. Оған экспорт тасымалы көлемінің 373 мың тоннаға немесе 42%-ға дейін төмендеуі себеп болды. Биыл 5-6 ақпанда Тегеранда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті бастаған делегация болып, теміржол саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін көтерген болатын. «ҚТЖ Экспресс» АҚ мен IRISL кеме компаниясы арасындағы Жол картасы Маңғыстауда және Бандар-Абас қаласында жүк терминалдары бойынша бірлескен кәсіпорын, сонымен бірге Каспий теңізінде бірлескен кеме қатынасын құру туралы екені мәлім. 2016-2017 жылдар бойынша және биыл маусым айында жүргізілген келіссөздер қорытындысында «Континентал – Ложистикс» және «Хазар-Шипинг» арасында бірлескен компания құрылды. Осындай ауқымды жұмыстар қос елдің транзиттік және сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытып, нығайта түсеріне сенім мол.

Райхан РАХМЕТОВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты