Миллионыншы жолаушы – машинист
Жаңалықтар
11.08.2017, 10:23
Үстіміздегі жылдың 8 тамызында Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалы миллионыншы жолаушысын шығарып салды. Мына сәйкестікті қараңыз, Астана-Нұр вокзалының 1 000 000-шы жолаушысы болып тіркелген азамат, Атырауға бағыт алған №19-шы жолаушы пойызына билет алған Жүсіпбек Шурин теміржолда отыз жыл тер төккен кешегі машинист болып шықты...
Жұмыс істеп жатқанына тура 69 күн болған жаңа вокзалдан миллионыншы жолаушы ретінде билет сатып алған Жүсіпбек ақсақал құдай қосқан жары Гүлсара екеуі немерелерін ертіп елдеріне тойға бара жатыр екен. Ерлі-зайыпты екеуді жаңа вокзалдың төртінші қабатында орналасқан орталық залға кіреберісте «Нұрлы жол» кешенінің әдемі форма киген қыз-жігіттері қаз-қатар тізіліп, қол шапалақтап, құрмет-қошеметпен қарсы алғанда, олар күтпеген тосынсыйдан абдырап, қобалжып тұрып қалды. Вокзал кешенінің бастығы Дінмұханбет Құсайынов Жүсіпбек пен Гүлсара Шуриндерге: «Сіздер біздің жаңа вокзалдың миллионыншы жолаушысысыздар, құттықтаймыз!» деп мән-жайды түсіндіргеннен кейін көңілдері орнына түскендей болды. Ерекше жолаушыларға «Нұрлы жол» вокзалының сыртқы кескін-келбеті бейнеленіп, астына «Миллионыншы жолаушы» деп жазылған торт, 1 000 000-шы жолаушы екенін растайтын сертификат және гүл шоғы тарту етілді.
Әрі қуанып, әрі қобалжып, алғашқыда не айтарларын білмей сасқалақтаған кейіпкерлерімізді өз-өздеріне келген соң сөзге тартқанымызда, күтпеген тосынсыйға біз де куә болдық. Сөйтсек, бұл кісілер кезінде темір жолдың ыстығына күйіп, суығына тоңып тер төккен, бүгінде көп жылғы еңбектерінің зейнетін көріп отырған теміржол ардагерлері екен.
Жүсіпбек Шурин Атырау локомотив пайдалану депосында 29 жыл машинист болып жүк пойызын жүргізіпті, қазір құрметті демалыста. Ал оның жұбайы Гүлсара Шурина да саналы ғұмырының 36 жылын алып салаға арнапты. Ганюшкино станциясының теміржол вокзалында кассир болып еңбек етіп, сол қызметінен зейнеткерлікке шығыпты. Екеуі де Атырау өңірінің тумасы екен.
«Бұл күтпеген тосынсый болды. Басында абдырап қалдық. Бірақ, тамаша сый болды, миллионыншы жолаушы болу бақытының бізге, дәлірек айтсам, жұбайыма бұйырғаны қандай жақсы. Темір жол біздің «туған» саламыз ғой. Қазір біз Астанада тұрамыз. Елге барып, той-томалаққа қатысуға шыққанымыз ғой. Сапарымыз сәтті басталып жатыр. Бәріне де осындай тамаша тосынсыйлар тілеймін. Елордамызда бой көтерген «Нұрлы жол» вокзалының жолаушылары көп болсын, вокзал кешені қызметкерлерінің еңбегі жемісті, денсаулықтары мықты болып, елге, халыққа қызмет ете берсін!» деп жүрекжарды лебізін білдірді Гүлсара апай.
Миллионыншы жолаушыларын шығарып салып тұрып, «Нұрлы жол» вокзалы кешенінің бастығы Дінмұханбет Құсайынов әр миллионыншы жолаушыны ұлықтау дәстүрі келешекте де жалғасын табатынын жеткізді.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты