"Қанатқақты" жоба жемісі
Жаңалықтар
11.08.2017, 10:33
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының базасында Персоналды сертификаттау орталығы ашылды.
Персоналдың кәсібилігін растайтын тәуелсіз жүйе құру бойынша Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде екі жарым жылдан бері жүргізілген жұмыстың жемісі бүгінгі жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр екен.
Аталмыш жоба бойынша ISO стандартына сәйкес нормативтік құжаттама жасалып, филиал қызметкерлері арнайы оқытылып, сарапшы-аудитор лауазымына аттестациялаудан өтіп барып, теміржол саласында қызмет ету құқығына ие болды.
Осы жылдың шілде айында филиал темір жол көлігі кадрларының біліктілігін анықтайтын сертификаттау орталықтарының тізіліміне енгізілген. Мұнда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері де жеті жұмысшы мамандығына шамамен 40 кәсіптік біліктіліктерін арттыра алмақ.
«Қанатқақты» сертификациялау жобасы бойынша М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының Ақмола көлік колледжі филиалының түлектері электровоз машинисінің көмекшісі лауазымын алу үшін біліктіліктерін сынаған екен. Бағалау қорытындысы бойынша сынға түскен тоғыз түлектің ішінен үшеуі кәсібиліктерін дәлелдеп, сынақты сәтті тапсырған. Бүгін тұсауы кесіліп отырған орталықтан тұңғыш рет сәйкестік сертификатына ие болып отырған да осылар. Сертификат үш жылға жарамды.
–Персоналды сертификациялау ең алдымен әрине, кәсіби білім беру жүйесі мен кадрлар дайындаудың сапасын арттыруға бағытталған, соның ішінде бұл сертификациялау біздің ұлттық компанияға, оқу орталықтарына, теміржол саласында білім беретін білім ордаларына керек. Бұл жобаны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жасап отырмыз. Мұндағы басты мақсат – жас теміржолшылардың кәсібиліктерін шыңдап, біліктіліктерін арттыру. Сол арқылы мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін оятып, тұрақты жұмысқа тарту. Пилоттық жобамыздың алғашқы сертификациялауынан үш түлек сүрінбей өтті. Оларды Ұлттық компания жұмыспен қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта теміржол саласында білім алушылар өз еріктерімен осындай сертификациялаудан өтетін болады, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының директоры Марал Марасилов.
–Мұндай сертификатты алғашқылардың бірі болып алып жатқанымызға өте қуаныштымыз. 2 курстан бастап осы жерден дуальды жүйе бойынша білім алдық. Оқудың 30 пайызын теория жүзінде болса, қалған 70 пайызы тәжірибе түрінде өтті. Яғни, біз уақытымыздың көбін отандық теміржол саласындағы өндіріс орындарында өткіздік. Теміржол саласының қыр-сырын терең меңгеруге тырыстық. Соның нәтижесінде, 3 жылға жарайтын сертификатқа қол жеткізіп, өз мамандығымыз бойынша жұмысқа орналасатын болдық, – деп қуанышымен бөлісті ҚазАТК колледжінің түлегі Ерболат Мүсәлі.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты