Майлытоғайға денсаулық келді
Жаңалықтар
11.08.2017, 10:39
Шілде айының 16 жұлдызынан бастап Сыр өңіріне бет бұрған «Денсаулық» медициналық пойызын біз Майлытоғай бекетінде қарсы алдық.
Артынып-тартынып келген көздің жауын алған қызыл вагондардан құралған пойызды шағын бекет халқы түгел жол бойына шығып күтіп алды. Көпшілікпен амандасып, жұмыс тәртібі мен кестесімен таныстырған дәрігерлер уақыт ұттырмай бірден жұмысқа кірісті.
Түске дейін 98 адамды қабылдап, ем-дом көрсеткен ақ халаттылар алды бос болмады. Түскі үзілістен кейін де қауырт жұмыс жалғасып жатты.
–Ауылға келген дәрігерлердің қабылдауында болып, тексеруден өтіп жатырмыз. Егер осы пойыз болмағанда аудан орталығына сабылып уақыт өткізер едік, осындай пойыздарды ұйымдастырып, бекет тұрғындарына мүмкіндік жасаған азаматтарға, алғысымды жеткізіңіздер, – деп ризалығын білдірді жергілікті тұрғындар атынан Бақытжан Сейітов.
«Денсаулық» пойызының бүгінгі құрамында қызылордалық 9 дәрігер мен 14 медбике қызмет жасауда. Пойыз құрамы бір күнде орта есеппен екі жүзден аса адамды қабылдайды екен. Бұл жолғы «доңғалақ үстіндегі емхананың» бұған дейінгі құрамдардан өзгешелігі балаларға арнайы сый ретінде ойын атракциондарымен жасақталған багаж-вагоны тіркелген екен. Бұл туралы соңғы он жыл көлемінде пойыз бастығы қызметін атқарып жүрген Дүйсен Балымбетов айтып берді.
–Пойыз құрамында 11 жолсерік, 1 электромеханик, 1 дизельші, 4 аспаз бен тіркеме вагондағы атракциондардың операторы Ержан Күренкеевтер қызмет етіп келеді. Аялдаған бекетте дереу атракциондарды іске қосып, жергілікті балалар дәрігерге қаралумен қатар асыр салып ойнап қуанып жатыр. Олар үшін аэрохоккей, тир, батут, әткеншектер, столды теннис пен футбол және күш сынағыш секілді атракциондар үлкен тосын сый болуда. Батутты арнайы желдеткіштермен бекет алаңқайына орналастырамыз да бекеттен жүрер алдында қайта жинастырып аламыз, – дейді ойын алаңының жұмысын өзі басқарып жүрген пойыз бастығы.
Пойызды қажетті ауыз сумен, электрмен, байланыспен аймақтағы салалық мекеме теміржолшылары қамтамасыз етсе, вагон сыртындағы қоғамдық тәртіптің сақталуын ӘТЖК күзетшілері қадағалауда екен.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Майлытоғай бекеті
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты