Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау
Маңғыстаудың мақтанышы
Оқуға 1 мин
Маңғыстаулық жолсерік Алтынай Рамбаеваның аты бүгінде дүйім жұрттың аузында. Астанада өткен салтанатты жиында "Құрметті теміржолшы" белгісімен марапатталған жолсерікті жерлестері зор құрметпен күтіп алды.
Қызметтік міндетін орындау барысында 9 айлық сәбидің өміріне араша түсіп, жанын сақтап қалған жолсерік келіншек көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленді. Құшақ-құшақ гүлмен пойыздан күтіп алған әріптестеріне риза болған Алтынай қуаныштан көзіне жас алды. Бір айта кетерлігі, 1990 жылы ашылған Маңғыстау жолаушылар тасымалы телімінен осы кезге дейін бірде-бір «Құрметті теміржолшы» шықпапты. Ал Алтынай осал жан емес, «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішердің» дәл өзі, ата-анасы теміржолшы, Құрметті теміржолшы Геннадий Рамбаевтың қызы.
– Бойында теміржолшының қаны бар деген осы шығар. Пысық, кез-келген жұмысты сеніп тапсыруға болатын, ісіне тиянақты жан. Осында еңбек еткен 16 жылда басшылықтан сөгіс алып, жазаланып көрмепті. Сондықтан Астраханға қатынайтын қосымша 4 вагонның аға жолсерігі етіп жауапкершілік артқанбыз, – дейді мақтаулы жолсерік туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ Маңғыстау телімінің бастығы Мұратбай Көпенов.