Қуат көзінің  қалтқысыз қызметі

Жаңалықтар
11.08.2017, 10:58
Электр қуаты – тіршілік тірегі ғана емес, пойыз қозғалысы қауіпсіздігінің кепілі. Бұл қағиданы бүкіл Шығыс аймағына, яғни, Семей және Защита өңірлеріне қатар қызмет көрсететін  Семей электрмен жабдықтау дистанциясының мамандары жақсы біледі.  Бір ғана биылғы жылдың өзінде ЭЧ-18 мекемесі тарапынан желі бойында жүйелі жұмыс жүргізіліпті. Мекеме басшысы Нұрлан Әзімхановтың айтуынша, ағымдағы жылы дистанцияға қарасты 20 км астам әуе желілері ауыстырылып, 100-ден астам тіректері жаңартылған. Бұл жаздың екі айы үшін қомақты көрсеткіш. Құрылғылар мен нысандарды қысқа даярлау шаралары әлі де жүріп жатыр,  яғни қар жауып, қатқақ түскенше, қараша айына дейін жалғасады. Қазіргі күні дистанцияға қарасты трансформаторлық пункттерге тексерулер жүргізіліп, жаңартылуда. Мұндай шаралар өткен жылдары да жоғары деңгейде жүргізілген болатын. Соның нәтижесі болар, соңғы екі жыл қатарынан Ұлттық компания тарапынан жоғары бағаланып, екінші дәрежелі дипломмен марапатталған еді. –Бүгінгі күндері теміржол саласына, оның ішінде электрмен қамту ісі бойынша өндіріске тың жаңашылдықтар көптеп енгізіліп, жаңа құрылғылар мен аспаптар қолданысқа берілуде. Мұндай игіліктер бойынша біздің дистанциямызда да жетістіктер мол. Биылғы жылдың үлесінде де жаңалықтар көп. Мәселен, жуырда жоғары вольтті вакуумды қосқыш алынды. Аягөз, Шар, Семей станциялары бойынша осы жаңа құрылғы орнатылды. Бұған қоса жарық-диодты шамдар алынып, Жаңасемей, Аягөз сынды бірқатар іргелі станциялары жаңартылған болатын. Биылғы меже Защита және Шемонайха станцияларына орнату болып отыр. Мұның барлығының қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда берер игілігі мол шаралар, –  дейді элетрмен жабдықтау дистанциясының бастығы  Нұрлан Әзімханов. Қазіргі таңда мекемеде 185 адам еңбек етеді. Оның 30 пайызын  жастар құрайды. Дегенмен электр монтерларының қажеттілігі сезілуде. Тек Семей бөлімшесіне ғана емес, Защита, Шемонайха, Серебрянка сынды шалғай станцияларға да қызмет көрсетілетіндіктен мамандар көп керек. Оның бір себебі, қазіргі күні ескірген электр желілерін жаңалаудың қажеттілігі туындауда. Ол үшін шалғайда орын тепкен станцияларда жұмыс күштері қажет. Қазіргі күні әсіресе Алтайдың сілемі саналатын Шығыстағы таулы өлкелерде жұмыс істеу мәселесі бойынша бірқатар межелі шаралар бар. Жол жиегіндегі биік өскен ағаш бұталарын кесу үшін арнайы техника, биікке шығатын автовышкалар алу көзделуде. Яғни,  мекеменің техникалық базасын тың қырынан жаңалау қажет.  Мамандар ұстаханасы саналатын мақтаулы мекемеде   бүгінде екі Құрметті теміржолшы еңбек етеді. Олар – Семей АЭС басшысы Серікжан Дәулетбаев пен Защита өңірінде Сергей Меншиков кейінгі буын мамандар үшін өнеге көзі саналады. Бұл аға буын мамандардың өндіріске енгізген жаңашылдықтары да мол көрінеді.  Сондай-ақ, өткен жылы Жанат Нүкебаев Ұлттық компания бойынша «Еңбекті қорғаудың үздік инженері» атанған.  Осындай білікті мамандардың арқасында ЭЧ-18 мекемесі соңғы екі жыл қатарынан салалық жарыста топ жарды.    

Қуаныш Қожаев, Семей   

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты