Салауатты сөз – тіл абыройы

Жаңалықтар
20.02.2025, 12:05
Суретті түсірген Олжас Ахметов
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Дұрыс сөйлей білеміз бе? Қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің тілдік қолданысында ауызша және жазбаша жиі кездесетін қателерді жою, тіл мәдениетін сақтай отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақ тілінің емлесін дұрыс қолдауға үндеген «Салауатты сөз – тіл абыройы» тақырыбындағы шеберлік сабағына арналды.  

Компанияның «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы Мемлекеттік тілді дамыту секторы ұйымдастырған қазақ тілінде сөйлеу клубының бұл отырысы ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналды. Теміржол қызметкерлері ақынның өлеңдерін оқып, оның сөзіне жазылған әндерді орындады. Сондай-ақ ақынның шығармашылығы мен өміріне арналған сұрақтарға жауап берді.  

– Байқап отырсақ, қатарымыз отырыс сайын көбейіп келеді. Бұл отырысты айына бір рет өткіземіз деп шешім қабылдадық. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейте түсу үшін алдымен тілдік орта қажет. 26 ақпанда осы компания ғимаратында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдерімен кездесу өтеді. Сол жиынға баршаңызды шақырамыз, – деді сектор басшысы Ербол Тоқтағазы.  

Түстен кейін өткен шеберлік сабағын «Хабар» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Халықтың сүйіктісі-2024» Ұлттық сыйлығының «Үздік тележүргізуші»  премиясының жеңімпазы Мөлдір Доспаева жүргізді. Көрермендерге тіл жанашыры ретінде танылып жүрген журналист ҚТЖ-ның және жалпы басқа да сайттарда кездесетін теміржол жаңалықтарындағы қате сөйлемдерді слайдтар арқылы көрсетіп, оның дұрыс жазылу нұсқасын айтып берді.  

 – Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында шеберлік сабағын өткізуді ұлттық компаниялар арасында бірінші болып сұраған – ҚТЖ компаниясы. Жалпы кез келген адам қай тілде болсын сауатты сөйлегісі келеді. Адамды алғаш көргенде сыртқы киімі мен түріне қарап бағалаймыз, бірақ ол екі сөздің басын құрай алмайтынына көз жеткізсек, бұған дейінгі сыртқы келбетінің сәнділігі маңызды болмай қалады. Сондықтан әр сөзді өз орнымен қолданудың маңызы зор. Әсіресе біз соңғы уақытта қазақ тілінің өзіндік құнары мен мағынасын, мәнін бұзып, калька сөздерге үйір болып барамыз. Менің міндетім – сол байқаған кемшіліктерді түзету, сол жолда білгенімді сіздермен бөлісу, – деді М.Доспаева.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда