Huawei темір жолға LTE-R орналастыруды бастайды

Жаңалықтар
21.02.2025, 14:37

2025 жылғы 20 ақпанда Шэньчжэнь қаласында "Huawei Technologies Co. Ltd." компаниясын басқарып отырған Лян Хуа мырза "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылап, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жобалардың сәтті орындалғанын атап өтті. Бүгінгі таңда деректерді беру желілерін жаңғырту және бұлтты технологияларды енгізу, пилоттық LTE-R ұялы байланыс стандарты бойынша жұмыстар аяқталып отыр. Жасанды интеллект енгізу басталды.

Кездесуде одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары айқындалды. Компаниялар 2025 жылы жетекші қазақстандық операторлардың ("Қазақтелеком" АҚ, "ТТС" АҚ және т.б.) қатысуымен Трансқазақстандық теміржол дәлізінде LTE-R желісін ауқымды орналастыруды бастауға келісті.  

Жолды тексеру және шағын жөндеу үшін өнеркәсіптік роботтарды қолдану перспективалары қарастырылды. Сондай - ақ, басшылар Қазақстанда AI-технологияларға маманданған инновациялық білім беру орталығы - "Болашақ колледжін" құруда Huawei-мен ынтымақтастықты талқылады.

Компаниялар негізгі бастамаларды қаржыландыруды растады және 2025 жылға арналған бірлескен жобалардың жол картасын бекітті.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда