Кәсіптік білім сапасын көтеру сөз болды

Жаңалықтар
28.02.2025, 10:51
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М.Тынышбаев атындағы Астана АLT көлік колледжінде теміржол мекемелері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында көлік саласындағы білім сапасы, техникалық және кәсіптік білім беру, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері сөз болды.

Іс-шара мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылау, кадрлар даярлау сапасын арттыру, түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жаңа үлгідегі жұмысшы мамандықтардың тренажерін таныстыру болды. 

 

Дөңгелек үстелде оқу орнының директоры Әлішер Жұмаділдин «Колледждің заманауи мүмкіндіктері: білім беру ортасы, практика және ынтымақтастық» тақырыбында, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бибіжан Аймағамбетова «Колледжбен ынтымақтастық: студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін депо базасындағы практика арқылы дамыту» тақырыбында баяндама жасады.  

Жиынға қатысқан теміржол мекемелерінің басшылары сала мамандықтары, қызметкерлердің жалақысы мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәлімдеді. ШЧ-16 бас инженері Әлібек Есбосыновтың айтуынша, аталған дистанцияда қазіргі таңда 330 адам еңбек етеді, оның ішінде түрлі жұмысшы мамандықтары бойынша 240 адам жұмыс істейді.  

– Бүкіл Қазақстан бойынша мыңнан астам адам еңбек ететін біздің орталық жұмысы өте ауқымды. Ақаутапқыш операторларын, вагон баптаушылар мен жолдың жоғары төсеміндегі ақауларды анықтайтын Мобильді диагностикалық кешенде жұмыс істейтін мамандарды бізге осы колледж дайындайды. Өзара келісім негізінде жылына 20-24 студент бізден өндірістік тәжірибеден өтеді, – деді ҚТЖ-ның «Жол диагностика орталығы» филиалының персонал бойынша менеджері Лаура Жұбанышева.  

ТЧЭ-11 бас инженері Талғат Медеубаевтың айтуынша, депоның 70 пайызын машинистер мен олардың көмекшілері құрайды. Ол сонымен қатар депоға мамандарды тест сынақтарын тапсыру арқылы жұмысқа алатын жоба туралы мәлімет берді. Машинистердің арасында біліктілігіне қарай 800 мың және 1 млн теңгеге дейін жалақы алатындар бар екенін айтты. Машинист көмекшілері 500 мың теңге көлемінде жалақы алады.  

Жиында «Қамқор Локомотив» ЖШС Астана локомотив жөндеу депосы филиалының жұмысы да таныстырылды. Электр құрастыру зауыты мен Астана электрмен жабдықтау дистанциясының өкілдері де өз жұмысы туралы ақпарат беріп, студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізуге және жұмысқа қыры барын көрсеткен түлектерді қызметке алуға дайын екендерін жеткізді.  

Қонақтар кәсіптік білім беру сапасын арттыру жайын сөз етіп, өндіріске білікті мамандар күтетіндерін жеткізді. Колледждің материалдық-техникалық базасымен танысқан олар оқу кабинеттері мен шеберханаларды аралап, жаңадан жасалған жұмысшы мамандықтардың тренажерін тамашалады. Дөңгелек үстел соңында теміржол мекемелері мен колледж арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

 

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?