Рельсарқалық зауыты: өнімнің таралу нарығы кеңейтілуде
Жаңалықтар
15.08.2017, 11:34
Өткен аптада Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келіп, өңірдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.
Әрине, Ақтөбеге сапары барысында Асқар Мамин қазығы қағыла бастағаннан құрылысымен етене таныс рельсарқалық зауытына да ат басын бұрмай кеткен жоқ. Премьердің бірінші орынбасарын мұнда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен зауыт басшылығы бастаған топ қарсы алып, өндіріс барысынан есеп берді.
Зауыттың бас директоры Андрей Кузьмин вице-премьерге зауыттың қазіргі тынысы жайлы баяндап, өндіріс қуатымен, эксперттік әлеуетімен таныстырды. Рельс зауыты өнімдерінің таралу нарығын кеңейтуге бағытталған жоспарлы жұмыстары жайлы хабардар етті. Бүгінде зауыт өнімдері Ресейдегі халықаралық стандарт тараптарына сәйкестендірілген.
– Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстанмен жұмыс жасай бастадық. Отандық рельстер бір жылдан бері ішкі теміржол құрылыстарына пайдаланылып жатыр. Санаулы күнде Қытайға келіссөздер жүргізуге барамыз, – деген зауыт директоры кәсіпорынның бірнеше цехы мен зертханасындағы жұмыстармен де жан-жақты таныстырып, егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ресми меймандар келгенде әдеттегідей шикізаттан қалай рельс жасалатынын көрсетті. Яғни, Үкіметбасының бірінші орынбасары бастаған меймандарды өндірістің қыздыру пешінен бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі технологиялық процесімен таныстырды. Қысқа темірді бірнеше рет пеште қыздырып, екі жағынан тарту арқылы ұзартуға болатынын, одан ақырында қандай өнім шығатынына дейінгі процесті тәжірибе жүзінде ұсынды.
Айта кетейік, Ақтөбе рельсарқалық зауыты жылдан жылға шығаратын өнім көлемін арттырып келеді. Бұрын бір жылда шығаратын өнім көлемін бүгінде 6 айда жасап үлгерген. Таяуда Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Мағауия Оразқұлов жыл басынан бері рельсарқалық зауытының 70 мың тонна өнім шығарғанын салтанатты жағдайда хабарлағаны жайлы айтқан болатынбыз.
Еске сала кетсек, жоба Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы аясында жүзеге асырылған. Кәсіпорын ЕЭАС аумағындағы «Р-65» стандартты ұзын өлшемді (120 м) ыстыққа бейімделген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі болып саналады. Жалпы, зауыт толық жобалы қуаттылыққа шыққан соң 2018 жылы жылына 430 мың тонна прокат, соның ішінде жоғары жылдамдықтағы магистральдар үшін 200 тонна стандартты ұзын өлшемді (120 м) ыстыққа бейімделген рельс, құрылыс секторы үшін 230 мың тонна фасондық өнім шығаратын болады.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Суретті түсірген С. Волошин
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді