Үй жануарларын пойызда тасымалдау кезінде жолаушы нені білуі керек?

Жаңалықтар
04.03.2025, 09:46

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға пойыздарда жануарларды тасымалдау ережелері туралы еске салады. Үй жануарымен саяхаттау ыңғайлы болу үшін алдын-ала белгіленген ережелермен танысу қажет.

Жолаушылар пойыздарында тек үй жануарларын тасымалдауға рұқсат етіледі, олардың саны екіден аспауы тиіс (мысықтар, иттер, құстар). Басқа жолаушылардың жайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, үй жануарымен жолға шығатын жолаушы купедегі барлық орындарды толықтай сатып алуы қажет. Жануарларды иесіз пойызға кіргізуге тыйым салынады.

Қала маңындағы пойыздарда жолаушылар арнайы тасымалдау құралдарына (тор, жәшік, себет) салынған екі үй жануарын тегін алып жүре алады.

Үй жануарлары мен құстарды тасымалдау тиісті ветеринариялық паспорттар немесе анықтамалар ұсынылған жағдайда ғана мүмкін. Бұл құжаттарды пойызға отырғызу кезінде көрсету міндетті.

Сонымен қатар, үй жануарларын алып жүру барысында олар үшін толық жауапкершілік иесіне жүктеледі. Жануар иесі оларды (торда, жәшікте, себетте) станция аумағында, пойызға міну және түсу кезінде, сондай-ақ пойыз ішінде бақылауда ұстауы қажет. Тамақтандырғаннан кейін тазалық сақтап, артынан жинастыруды ұмытпаған жөн.

Ірі тұқымды иттерге тұмылдырық пен қарғыбау тағу міндетті. Оларды алып жүру кезінде салмағына сәйкес есептелген багаж тарифі қолданылады. Үлкен иттер тек бірінші вагонның пайдаланылмайтын тамбурына орналастырылады. Ит иесі оны алып жүруге және жол бойындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық жауапты.

Зағип жанға серік болатын бағыттаушы иттерді кез келген вагонда алып жүруге рұқсат етіледі. Бұл үшін қосымша ақы алынбайды.

Сонымен қатар, вагон-мейрамханаға жануарлармен кіруге тыйым салынады. Жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жануарларды тасымалдауға жол берілмейді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға үй жануарларымен сапарларын алдын ала жоспарлап, тасымалдау шарттары туралы ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін білуге немесе вокзалдағы билет кассаларынан нақтылауға болатынын ескертеді.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды