Біліктілік сынында бәйге алды 

Жаңалықтар
15.08.2017, 12:07
Бүгінде Жамбыл теміржолына қарасты  61 станция мен 17 құрылымдық бөлімше бар. Олардағы пойыздар қозғалысы мен жүк ағымы көлемін қамтамасыз етуге 12 000-нан астам адам еңбек етіп келеді. Олардың арасында жастардың үлесі басым.   Жастық жігері мен жалынын ел экономиканың күретамырына айналған темір жолмен байланыстырған жас маманның бірі Алмаз Анарбаев теміржолшы кәсібі бойынша филиал директоры Берік Ақшаловтың бастамасымен тұңғыш рет ұйымдастырылған бөлімшеаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Сегіз жылдан бері Талас станциясында пойыз құрастырушы болып еңбек ететін маманның бұл алғашқы жеңісі. Темір жол қызметінің сан түрлі саласында қызмет ететін мамандардың біліктілігі сыналған байқауда қара үзу тіпті де оңай емесі белгілі.  Әрине, темір жол саласындағы пойыз құрастырушы мамандардың кәсіби біліктілігі күн сайын сынға түседі. Салмағы 70 тоннадан асатын вагондарды бір-бірімен байланыстыру, оларды бағытына қарай реттілікпен түзу, ең бастысы вагон құрастыру кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, олардың келесі станцияға дейін ақаусыз жетуі дәл осы пойыз құрастырушы мамандардың біліктілігіне байланысты. Әкем теміржолшы. Сондықтан, станцияда өмірге келген соң көзімізді ашқалы көргеніміз темір жол. Әуелі Тараз теміржол колледжіне, кейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алдым. Мұндағы мамандығым – пойыз құрастырушы. Біз негізінен жүк вагондарын пойыз желісінен бөліп алу және қайта бекіту жұмыстарымен айналысамыз. Сонымен бірге, пойыздарды жүк вагондарының салмағына, бағытына қарай жинақтау да біздің міндетімізге жатады. Жүк вагондарын бөліп алғаннан соң оны тиісті жолға қою, тежегіштермен бекіту жұмыстары да бізге тиесілі. Мәселен, станцияның дәл жанындағы қант зауытына келген шикізаттар тиелген вагондарды негізгі құрамнан осы станциядан бөліп аламыз. Сол секілді, зауыттың дайын өнімі тиелген вагондар да еліміздің барлық аймағына осы станция арқылы жөнелтіледі. Сәйкесінше, вагон құрастырушылар осы вагондардың негізгі құрамға мықтап бекітілуін және жолға әзірленген вагондардан тежегіш құралдарының толықтай алынып тасталуына жауап береді. Станция кезекшісінен жүк вагондарын тіркеу немесе босатып алып қалу туралы тапсырма түскен бойда іске кірісеміз. Салада жүрген сегіз жыл мен үшін тәжірибе жинақтау, кәсіби жағынан өсу болды, – деген жас жігіт   басшылықтың жас мамандарға қолдау көрсетіп отыратындығына дән риза. Байқау жеңімпазы ретінде Алмаз  Анталияда демалып келді. Бұл байқау келесі жылы  да жалғасын табатын болса, талай жігіттер жүлдегер атануға барын салуға құлшынып отырған көрінеді.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты