Кәсіби шеберлігі үшін  

Жаңалықтар
15.08.2017, 12:11
 Бүгінде мемлекет тарапынан қолдау көріп, жаңғырту мен дамуды қатар жүргізіп отырған  теміржол саласында кәсіптің қай-қайсысы да маңызды. Әйтсе де әлімсақтан қозғалыс саласының мамандарына жүктелер жауапкершілік ерекше.  Соның ішінде станцияға келген-кеткен пойыздарды қабылдап-жөнелтіп, маневрлік қозғалысты қамтамасыз етіп отыратын станция кезешілерінің еңбегі ала-бөтен.  Пойыздарды құрастыру, тарату, өткізу, жөнелту, қабылдау бойынша ауысымдық жоспарды орындау әр станция кезекшісінің міндеті. Сондықтан қозғалыс салсындағы ерекше тұлға бұл кәсіп иелеріне талап та жоғары.  Біздің бүгінгі кейіпкеріміз  Бахыт Қарымсахова Атырау станциясының кезекшісі. Биыл төл мерекеде «Жоғары кәсіби шеберлігі және ерекше сіңірген еңбегі үшін»  «ҚТЖ»ҰК» АҚ президенті  Қ. Алпысбаевтың Құрмет грамотасын алған   станция кезешісінің саладағы еңбек өтілі  37 жылды құрайды.   Ақтөбе теміржол техникумын «Теміржолдарды пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, 1980 жылы еңбек жолын Доссор станциясында станса кезекшісі болып практикадан өтіп бастаған жас қыз одан кейін  Опорный станциясында станция кезекшісі, Ганюшкино станциясы кезекшісінің көмекшісі болып еңбек сынақтарынан өтіп барып,  1982 жылы Атырау  қаласындағы Атырау станциясында ауысып келеді. Алдымен оператор болып бастап, 1990 жылдан күні бүгінге дейін стация кезекшісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Ол өзінің бір орындағы ұзақ жылғы еңбегін мамандығына деген қызығушылығымен байланыстырады. -Жылыой ауданында дүниеге келгенмін. Отбасымызда апам Надежда Ақсарай станциясында тауар кассирі  болып еңбек етіп,өткен жылы зейнеткерлікке шықты. Екінші теміржолшы – мен.   Мені теміржол мектепте оқып жүргенде-ақ қызықтырған, мамандығымды жақсы көремін.  Біздің жұмыстың  өз қиындығы бар. Пойыздарды қабылдау, маневрлік жұмыстарды атқару, пойыздарды үздіксіз қабылдау үшін жолдардың бостығын қамтамасыз ету, кезекті құрамды тарату үшін сұрыптау жолдарын дайындау, қозғалыс графигіне және жедел жоспарға сай ауысымның басында жүк аудандарына вагондарды беру немесе құрамды дайындау сынды толып жатқан қат-қабат жұмыстарды шатастырмай, шапшаң да уақтылы жүргізіп отырсаң, еш қиындық жоқ. Ал сәтті өткен әр ауысымнан соң көтеріңкі көңіл күймен үйге ораласың. 90-жылдардағыдай емес, қазір орталықтандырылған белгі беру жүйесі арқылы басқару тетіктерімен жұмыс істейміз.  Дегенмен сақтық үшін әркез кез-келген тұтқиыл жағдайға байланысты  тығырықтан шығар жолға дайын болып отырамыз, онысыз болмайды, өндіріс болған соң әр түрлі жағдай болуы мүмкін, -дейді Бахыт Рашидқызы кәсібі жайлы сыр тарқанымызда.  Осындай қиын да жауапты жұмысты атқара жүріп отбасы шаруасына да мығым Бахыт  күйеуі Марат екеуі  үш ару қызды өсіріп отырған бақытты шаңырақ иелері. 

   Тұрсын ҚАЛИМОВА,

АТЫРАУ

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты