Разъезде тұратын апай
Жаңалықтар
15.08.2017, 12:22
Дариға апай Ақтөбенің Мәртөк ауданына қарасты №34 разъезде тұрады. Теміржолда қырық жылға жуық еңбек еткен зейнеткер сонша жыл бауыр басып кеткен жерін қимайды. Жуырда жетпіс жасқа толған ардагерді мерейтойымен және теміржолшылар күнімен құттықтап, тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.
Күре жолдың бойындағығы жалғыз үйлі разъезде тұратын Дариға апай жыл он екі ай қонақсыз емес. Өткен-кеткен теміржолшылар міндетті түрде бас сұғып, апайдың қолынан күрең шай ішіп, реті келсе қонақжай шаңырақта қона жатып кетеді екен. Осы жасқа келсе де тың, шаруасын дөңгелентіп отырған жанның ауласы қаз-үйрекке толы, бақшасы жайқалып тұр, көкөнісін түгел өзі өсіреді. Қолы қалт еткенде жақын маңнан қарақат жинап, тоспа қайнатады. Электрлі ұршығымен жіп иіріп, қысқа шұлық тоқиды. Қысқасы, өмір бойы бір тыным таппайтын теміржолшы тірлігі зейнетке шыққанда да қарап отырмайтын дағды қалыптастырған.
Бүгін де дастарханына еті мен бауырсағы, көкөнісі мен пісірілген қаз-үйрегін қойып, қонақтарын құшақ жая қарсы алған апайды қос мерекесімен құттықтап барған тек біз, теміржолшылар болмадық, «Әкеміздің көзін көрген апамыз» деп аранйы құттықтап сонау қаладан құқық қорғау органының бір басшысы мен жасөспірімдер үйінің директоры келді.
Дариға апай былтыр денсаулығы сыр беріп ауруханада жатқанда электр желісіндегі қысқа тұйықталу салдарынан үйі өртеніп, барлық дүние-мүлкі, құжаттары жанып кеткен болатын. Сонау патша дәуірінде, өткен ғасырдың алғашқы жылдарында салынған сүйегі мықты ғимараттың қабырғалары ғана қалған. Содан зейнеткердің баспанасын қайта тұрғызуға бүкіл ел атсалысты. Ақтөбедегі темір бөлімшелерінің басшылары бір кісідей жұмылып, материалдық көмек көрсетті. Арнайы жұмыс қолын бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді. көмек қолын созды. Ал кеңседе отырған қыз-келіншектер апайдың ән тыңдағанды жақсы көретінін біліп, музыкалық орталық сатып алып беріпті.
-Балаларым өскен соң қалаға кетті. Бір қызым Мәртөкте тұрады. Бәрі шақырады, көшіріп аламыз, жүр деп. Бірақ маған шалым екеуміз тұрған осы разъездегі тірлік қымбат, қимаймын. Шалым қайтса да, разъезден кеткім келмейді. Шүкір, елдің ортасы ғой. Айналада теміржолшылар бар. Мәртөкке, Ақтөбеге балаларыма барып тұрам, немерелерім азық-түлік әкеліп тастайды. Одан қала берді, «көз көрген» деген осы шығар, теміржолшылар қолынан келген қамқорлығын жасап, қысылғанда қол ұшын созудан танған емес, шүкір дәріне ризамын, - дейді Дариға апай.
Талай жыл станция кезекшісі болған, вагон операторы қызметін атқарған Дариға Жақсылықованың жолдасы Сәбит Зұпаров жол шебері болған екен. Ерлі-зайыпты теміржолшылар ел-жұртына сый-құрметі артқан қадірлі жандар болғанын көз-көргендер айтып отырады. Бүгін де міне, 70 жасқа толып отырған теміржол саласының ардагерін құттықтап жол бойындағы жалғыз үйлі разъезге арнайы барған кәсіподақ өкілдері зейнеткерге бөлімше басшысының арнайы сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты