Теміржолшылар ауылындағы той

Жаңалықтар
26.03.2025, 15:29
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлыс мерекесін ҚТЖ қызметкерлері әдеттегідей «Нұрлы жол» вокзалы аумағында дүркіретіп атап өтті. Теміржолшылардың этноауылында 6-7 киіз үй тігіліп, компания қызметкерлерінің өз күшімен ұлттық өнеріміз бен дәстүрді дәріптеген концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Келген қонақтар әр киіз үйге бас сұғып, ұлттық тағамдардан, наурыз көже, бауырсақ және палаудан ауыз тиді және салт-дәстүріміздің сан түріне куә болды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бастаған компанияның басшылық құрамы құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдар тіккен алты қанат ақ үйлерге кіріп, ақтан ауыз тиді,   өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Сондай-ақ наурызнама онкүндігіне ерекше атсалысқан ұжымдарды марапаттады.  

Жалпы биылғы Наурыз Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Сондықтан әр мекеме түркі халықтарының мәдениетін, яғни ұлттық ән-биін көрсетіп, тағамдарын ұсынды. Атап айтқанда, олар қазақ, әзірбайжан, татар, түрік, түрікмен, өзбек халықтарының ерекшелігін паш ететін өнерін көрсетті. Әр киіз үйде қазақ қолөнершілері мен мүсіншілері, зергерлерінің туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды.  

Этноауылдағы киіз үйлердің бірінде өткен думанда компания басшысы тұсаукесер рәсіміне қатысып, 3 теміржолшының баласының тұсауын кесті. Магистральдық желі дирекциясы тіккен ақбоз үй Қазақ ауылы ретінде көш бастады. Түрікмен ұлтының өнерін көрсеткен «Кедентранссервис» АҚ киіз үйінде суретшілер, зергершілер мен мүсіншілер еңбектері қойылып, қазақтың белгілі тұлғаларының қола, мыс және балшықтан істелген мүсіндері ұсынылды. Дастархан жайылып, келушілерге ұлттық тағамдар берілді. Татар халқының мәдени ерекшелігін көрсеткен «Қазтеміртранс» АҚ үйінде киізден жасалған бұйымдардың көрмесі өтті.  

– Біздің мекеме киіз үй ішінде көрпенің, құрақтың жасалу жолын көрсеттік. Қолөнерге бейімі бар қызметкерлеріміз ұлттық ою-өрнектің мәнін, қайда қолданылатынын айтты. Сосын киіз үй алдында түріктің биін билеп, ұлттық тағамдарын ұсындық. Биылғы Наурыз ҚТЖ-да өте ерекше және жоғары деңгейде өтті, ұлттық мерекеміздің осылай жылдан-жылға жаңғыра түскені қуантады, – дейді «KTZ Express» АҚ ұйымдастыру және бақылау қызметінің жетекшісі Айжамал  Қуаныш.

Әзірбайжан халқының өнерін «Жолаушылар тасымалы» АҚ көрсетсе, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері өзбек халқының мәдениетін паш етіп, ұлттық киімдерімен өнер көрсетті.  

Этноауылдағы әр киіз үйдің алдында асық ату, арқан тартыс, гір көтеру, қой көтеру сынды ойындар ойнатылды. Киіз үйлердің бәрі ұлттық нақышта безендіріліп, әр үйдің алдында ұлттық киім киген, қолына қыран бүркіт, қасына құмай тазы ерткен қыз бен жігіттер келген қонақтарды қарсы алып тұрды. Негізгі сахнада компанияның өзінің өнерпаз қызметкерлері келушілерге ән мен биден шашу шашты.  

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?