Тұғырда тұрған тарих
Жаңалықтар
18.08.2017, 10:52
Қазақстан темір жолының өн бойында, станция мен депо аулаларында, көрнекі жерде тұғырда тұрған көне отарбалар жүз жылдық тарихтың символы іспетті,
Аспан асты мұражайының ең басты экспонаты теміржолшылардың үлкен мақтанышы.
Жамбылдық теміржолшылар да Жамбыл локомотив депосының ауласында орналасқан тарихи ескерткіш паровозды қатты құрметтейді. Тарихқа үңілсек, сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасы Жамбыл локомотив депосының ардагерлері бастамасымен теміржолшылар еңбегіне лайықты құрмет - ескерткіш қою қолға алынады. Депода музей ашылып, аулаға Түрксібтің көзін көрген Э№4161 паровозы қойылады. Мұны кешегі аталар дәстүріне тағзым, бүгінгі ұрпаққа аманат деп түсінген теміржолшылар зор мақтаныш еткен.
Алайда Қазақстан теміржолының 110 жылдығына орай, ұлттық комманияның шешімімен Таразда тұрған э№4161 тарихи паровозы Астана төріне апарып орнатылды. Ал Таразға Л№3576 паровозы әкеліп орнатылды. Осылайша паровоз орнатылған кешен өз келбетін жойған жоқ. Алайда соңғы кезде жамбылдық теміржолшылар алаңдаулы. Оған себеп, кәсіпорынға Курорт Бурабай станцисындағы «Рауан-Бурабай» ЖШС директоры Р.Махаевтен келген хат болып тұр. Хат мазмұнында «Жамбыл локомотив пайдалану депосының аумағында орналасқан паровоз-ескеркіш «Рауан-Бурабай» ЖШС балансына қарайды. Серіктестік басшылығы алдағы уақытта паровозға демонтаж жүргізіп, маталломға өткізуді жоспарлап отыр» делінген. Темір сынығын өткізуге басқа нысан табылмағаны ма? Осы хаттың негізінде бүгінгі күні Жамбыл жол бөлімшесінің әкімшілігі тиісті орындарға хат жолдап, теміржолшылардың мақтанышына айналған паровоз-ескерткішті тұғырынан тайдырмауға әрекет жасап жатыр.
- Өз кәсібін сүйген, өнегелі аталар жолын ұстанған әрбір теміржолшы үшін бұл ескерткіш қасиетті де қастерлі. Біз жылда теміржолшылар күні бала-шағамызбен, немерелерімізбен суретке түсіп, өткеннен естелік айтамыз. Салтанатты шаралар өткізіп, ары-беріден соң теміржолшылардың жай бас қосып әңгіме шертетін жері де осы. Ендеше, әрбір теміржолшы әулетінің, қарапайым жұмысшының тағзым етер жәдігеріне неге қиянат жасаймыз, бұзылмай сақталса деп өтініш айтамыз. Дәстүр үзілмей,теміржолшылар қалыптастырған құндылықтар жоғалмауы тиіс,- дейді осы жаңдайға байланысты пікір білдірген Құрметті теміржолшы Сағымбек Ақшалов.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты