"KTZ Express" қытайлық серіктеспен екі меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
04.04.2025, 16:50

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да еншілес ұйым - "KTZ Express" АҚ және Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыруға маманданған қытайлық YXE Trading Service Group Co., Ltd. логистикалық компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды. Құжаттар Қазақстан аумағында транзиттік тасымалдар мен логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ақтау қаласында "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" Ұлттық компаниясы" АҚ қатысуымен Ақтау порты арқылы жүк ағынын дамыту және оның терминалдық қуаттарын кеңейту туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар қолайсыз ауа-райына төзімді заманауи айлақтық контейнерлік крандарды, сондай-ақ ірі тоннажды контейнерлік кемелерді сатып алуға бірлескен инвестициялар туралы уағдаласты, бұл Каспий теңізі арқылы үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Астана қаласында Қытай – Еуропа бағыты бойынша тасымалдау көлемін ұлғайтуға қатысты екінші Меморандумға қол қойылды. Келісім транзиттік жүк ағынын ұлғайту, логистикалық процестерді оңтайландыру, сондай-ақ Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де көлік инфрақұрылымын дамытудағы күш-жігерді үйлестіру бойынша бірлескен жұмысты көздейді.

Қытайлық әріптестермен уағдаластықтар көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға және Қазақстан арқылы жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.    

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады