Бабатайда өткен бір күн

Жаңалықтар
13.07.2016, 17:03
Елордадан отыз шақырымнан астам қашықтықта орналасқан төртінші сыныпты Бабатай станциясы тыныс-тіршілігі шағын болса да, шаруасына мығым ұжымы бар үлгілі бекет. Станция бастығы  Марат Қожахметовтің бұл қызметке  тағайындалғанына бір жыл да тола қоймапты.   Темір жол саласындағы еңбек жолын қарапайым жолшыдан, яғни жол монтері мамандығынан бастап, бүгінде жалпы жұмыс өтілі 15 жылды құрап отырған  Марат Кәріпұлы бастаған бабатайлық теміржолшылар  бізді жарқын жүзбен қуана қарсы алды. Станция ұжымы шағын, ауысыммен еңбек ететін станция төрт кезекшілері мен тауар кассирлері, вагон құрастырушы, айналдырған 7-8  теміржолшы аралық станцияның жұмысын ұршықтай үйіріп отыр.  Станцияға қала маңына қатынайтын жергілікті пойыз аял жасағаны болмаса өзге жолаушы пойыздары тоқтамайды. Шағын елдімекен тұрғындарының теміржолшылары станциядан бөлек жол дистанциясында, бірнеше адам байланыс және электрмен қамту дистанциясында еңбек етеді.Жергілікті «Бабатай-астық» кәсіпорнында жұмыс істейді он шақты адам, сосын мектеп бар, жалпы жергілікті халықтың еңбекке жарамдысы жұмыспен қатылған, бос жүрген ешкім жоқ, Аршалы аудан орталығы, басқа да елді мекендер бар жан-жақта, жұмыс істейтін деген адамға табылады, –дейді станция бастығы.  –Шағын станция ғимаратында өткен он минуттық басқосуға бекеттегі барлық теміржолшылар қатысуы дәстүрге айналған екен. «Илегендері бір тері» болған соң жұмысты бірге жоспарлап, станция бастығы соңғы жаңалықтар мен бұйрық, жеделхаттармен таныстырады. Бұл жолы теміржолшыларды қатты қуантқан жаңалық, жыл басынан былтырғы, қаржы дағдарысына орай қабылданған 24 күндік ақысыз еңбек демалысының жойылғаны жайлы хабар болды.              Станция бастығының  бөлмесінен шыққан теміржолшылар жан-жаққа талап кетті. Біз келесі бөлмеде отырған кезекшілер жұмысымен танысып шыққан соң жол бойында жүрген сары күртелі жолшыларды бетке алдық. Қарағанды жол дистанциясының №1 өндірістік телім бастығы Жалғас Құлжанбековтің жігіттері  түнде жауған қырбық қардан станция жолдарын тазартуда екен. –Қырқыншыдан Аршалыға дейінгі екі бағытта 128 км жолға, үш станция мен үш өткелге жауаптымыз. Жол шеберлері, жол монтерлері, құжаттарды түгендейтін техниктер, өткел кезекшілері бар, барлығы 70-тен артық адам еңбек етеді.  Астанаға қатынайтын барлық жолаушы пойыздар, оның ішінде «Тұлпар-Тальго» тәрізді жүйрік пойыздар жүретін болған соң жолдың күтімі ерекше назарда. 2003 жылы толыққанды бүтіндеп, ағаш шпалдарды темір-бетон негізге, бунақтарды ұзынына айырбастаған соң, қазір жолды ағымдық көлемде күтіп, ластанған қиыршық тастарды тазалап тұрмыз. Техника кешендері қол еңбегін жеңілдетіп, кемшіліктерді жедел жоюда. Жазғы жол жөндеуге қатысты өтінімізді тапсырдық. Енді комиссия нақты зәрулікті анықтап, көлем беретін болады, оған дейін күнделікті күтім, қар тазалау, көктемгі тасқыннан қорғану сынды жұмыстар жетерлік, – дейді телім басшысы. Елді мекен жанынан айналма жол бой көтеріп, жол полициясы қосының шебі көшіріліп, бас қаланың даму белестері Бабатайға  да жаңаша серпін сыйламақ. Ағымдағы жыл қорытындысында мәре сызығын кеседі деп жоспарланған жобаға бабатайлық теміржолшылар үлкен үміт артуда екен. Түске жақын станция бастығымен бірге «Бабатай-астық» кәсіпорнына барып, жүк вагондарына астық өнімдерінің тиелу процесін бақылап қайттық. Марат Қожахметовтің айтуынша, станцияның өз басынан тиеліп-түсірілетін жүк осы астық кәсіпорны мен аптасына бір екі рет келетін құрылыс материалдары екен. Түстен кейін станцияға Қарағанды – Астана автожолын салуға құрылыс заттары тиелген бірнеше вагон келіп, тұйық жолда түсіріліп алынды. Барлық істің басы-қасында жүрген станция бастығы жас болса да істің көзін таба білетін іскер жігіт екені байқалады.  Екі мыңыншы жылдары Алматы көлік инженерлері институтына түсіп, Қазақ көлік және коммуникация академиясында аяқтап шыққан жас  маман  жолдама арқылы Қарағанды жол бөлімшесіне қабылданады. Теміржолшылар отбасында өсіп тәрбиеленген жас жұмысқа лезде төселіп, аз жылда кәнігі маман болып қалыптасады.  –Ең бірініш кезекте әрине, қозғалыс қауіпсіздігіне айрықша назар аударып, жіті бақылауда ұстаймыз. Сонымен қатар, бағыттамалы бұрмалар мен белгі беру құралдары жағдайы, комиссиялық тексеріс, вагондар ахуалы, жүк тиеп-түсіру сынды темір жол тірлігіне қатысты барлық жұмыспен қат-қабат айналысудамыз. Тұрақты айлық шаралары жариялануда. Қауіпті аймақ саналатын темір жолға жақын орналасқандықтан тұрғындармен де жиі  жұмыс істейміз.  Мектепке барып, мұғалімдермен, ата-аналар қауымымен жолығып, қауіпсіздік  жайын қайталап,  балалар темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеуі, маңайда ойнамауын ескертеміз.  Желілік полиция бөлімін, әкімдікті тарта отырып, малдың ауа жайылмауын да қадағалаймыз, – деген станция бастығы  шағын бекет үшін өткен жылдың оқыс оқиға, артық шығынсыз өткенін, биылғы жылдан да күтетіндері көп екенін жеткізді.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды