Туристік аймақтарға – жаңа жол
Жаңалықтар
22.08.2017, 11:01
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Автомобиль жолдарын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде туристік аймақтарға баратын жолдарды қайта жаңарту және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Айталық, Алакөлге қарай ұзындығы 763 км Талдықорған-Өскемен автожолына қайта құру басталды. Жобаны толық аяқтау 2021 жылға жоспарланған. Бас мердігермен толық аяқтау бойынша шартқа қол қойылған. Жоба халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен жүзеге асады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ұзындығы 180 км Үшарал-Достық жобасы бойынша қайта құру басталады. Қазіргі уақытта «толық аяқтау» шартына қол қою рәсімдері жүруде. Жоба 2017-2020 жылдар аралығында Мемлекеттік қаражат есебінен жүзеге асады. Ал 2018 жылы ұзындығы 177 шақырым Таскескен-Бақты автожолын қайта құруды аяқтау жоспарлануда.
Жоғарыда аталған жобалардың жүзеге асуы, Алматы-Талдықорган учаскесіндегі аяқталған жұмыстарды ескере отырып, Алакөлге Алматыдан да, Өскемен және Семейден де көлік құралдарымен жайлы жүріп өтуге жағдай жасайды.
Алматы облысында жалпы ұзындығы 66 шақырым Алматы-Көкпек-Хоргос автомобиль жолы учаскесінде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылы аяқталатын жөндеу жүргізу нәтижесі Көлсай өзені бағытына жайлы жүріп өтуді қамтамасыз етпек.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында да ұзындығы 64 км «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автомобиль жолы учаскесінде және Павлодар облысындағы Баянауыл бағытында ұзындығы 73 км Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск автожолы учаскесінде де жол жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ.
Шығыс Қазақстан облысында Көк шығанаққа және Рахман бұлағына алып баратын 31 км автомобиль жолына орташа жөндеу қамтылған. Маңғыстау облысындағы Кендерлі курорты бағытында ұзындығы 55 шақырым Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі автожолы учаскесінде жөндеу жүруде. Жұмыстарды аяқтау қазан айына жоспарлануда.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыстан баб кесенесіне Кентау-Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл автожолы алып барады, қазіргі уақытта учаскелерде орташа жөндеу жүруде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ұзындығы 53 км 3 учаскеде жөндеу аяқталады. Сонымен бірге, Ақмола облысында ұзындығы 80 км Щучье-Зеренді автожолын қайта құру басталды. Қайта құруды 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Қорғалжын табиғы қорығына Астана-Қорғалжын автожолы учаскесіне ағымдағы жылы орташа жөндеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, Щучье-Бурабай автожолының 16 км орташа жөндеу қамтылған.
Бурабай елді мекенінің орталығында 2 км жол маңайындағы аумағын абаттандырумен қоса жөндеу жүргізілген.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты