Ақтау портының түбі тереңдетіледі

Жаңалықтар
05.05.2025, 14:14

Ақтау халықаралық теңіз сауда порты айлағының түбі 7,5 метрге дейін тереңдетіледі. Алынған топырақ жағадағы суы тайыз жерлерге төселеді. Нәтижесінде порт ауданы 170 гектарға ұлғайып, жаңа айлақ салынады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлады 24KZ.  

Айтуынша, соңғы кезде Каспийдің тез тартылуы кемемен жүк тасымалына кері әсер еткен. Су көліктерінің қайырлап қалу қаупі жоғары болғандықтан оларға мұнай және өзге де тауарлар толық көлемде тиелмейді.  

Биыл Ақтау теңіз порты арқылы 1355 тонна жүк ауыстырып тиелді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ке артық көрсеткіш. Сондай-ақ былтыр бірінші тоқсанда 7 мың контейнер тасымалданса, жыл басынан бері 17 мыңнан астам контейнер жөнелтілді. Қазақ астығы, мұнай, метал, басқа да тауарлар негізінен Иран, Әзербайжан, Ресей мен Түрікменстанға тасымалданады. Соңғы 10 жылда теңіздің күрт тартылуы порт қызметіне кері әсер еткен. Мамандар кемелерге жүктің 10-15 пайызға дейін аз тиелетінін айтып отыр.  

«Құрғақ жүктер 6 мың тонна жүктелсе, қазір 5 мың тонна жүктейді. Егер 6 мың тонна жүктесе онда асты тиіп қалады. Егер осы жылдың соңына дейін тереңдету жұмыстарын жүргізбесек, одан әрі қарай тереңдеп бастаса теңіздің деңгейі, кемелік тасымалдау рентабельдігі азаяды. Тиімсіз болады», -деді «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ бөлім бастығы Ерболат Тілепиев.  

Жуырда Ақтауда қазақстандық ғалымдар бас қосып, аймақ әлеуетін арттыруда өңірлік ғылымды дамыту мәселелерін талқылады. Каспий деңгейінің тайыздануы күн тәртібіндегі негізгі тақырыптың бірі болды. Көшпелі жиында баяндама оқыған көлік министрі Марат Қарабаев елдің басты теңіз айлағында айлақтардың түбін тереңдету мамыр айында басталады деді.  

«Мамыр айында жұмыстар басталады деп жоспарлап отырмыз. Оның қаражатының бір бөлігі ҚТЖ-ның өзінің есебінен, бір бөлігі Үкімет тарапынан қосымша беріліп отыр. Жұмыстың жылдың соңына дейін бір бөлігін бітіреміз. Екінші кезеңін келесі жылы жасайтын боламыз», -деді ҚР көлік министрі Марат Қарабаев.  

Бұған дейін Құрық теңіз айлағында да теңіз суының жағадан шегініп кетуінен біраз қиындық туындады. 2024 жылы 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 4 айда порттың кіреберіс каналы 8 метрге тереңдетілді. Айта кетсек, Құрық порты арқылы жылына 6 млн тонна жүк тасымалданады. Оның 4,1 млн тоннасы вагонмен, 1,9 млн тоннасы жүк көлігімен су айлағына жеткізіледі.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде