Құрық порты тасымалды арттырған

Жаңалықтар
22.08.2017, 11:10
Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушылары ағымдағы жылдың жарты жылында 186 мың 718 жүк, 19 мың 47 жолаушылар вагонын қараған. Бұл өткен жылдан әлдеқайда артық. Жетінші айда көрсеткіш тағы 35 мың 111 жүк және 4 мың 916 жолаушылар вагонына көбейіп, өткен жылғы тиісті кезеңнен 28 мың 430 вагонға артқан. Соның ішінде 5 мың 706 вагон  Құрық порты арқылы өткен вагондар. Жүк жүктеу үшін 6 мың 461 вагон,  2 мың 156 цистерна  тексерілген. Ақауы анықталған 87 вагон  ағытылған. Яғни, жеті айда техникалық қызмет көрсету орталығында  32 жабық, 45 жартылай ашық, басқа да 6 вагон мен 4 цистернаға жөндеу жасалған. Бұл туралы депоның ТҚКО басшысының міндетін уақытша атқарушы Жаңабай Елеусінов мәлімдеді. – Жол жүру барысында вагонның кейбір бөлшектері пайдалану кезіндегі өлшемінен ауытқуы мүмкін. Мысалы, доңғалақ жұптары жұқарып, желінеді. Қазіргі анықталып жатқан ақаулықтардың көбі солай, 70 пайызында доңғалақтармен байланысты. Сондай-ақ тежегіш бөліктері істен шыққан вагондар да жиі кездеседі. Жүріс бөлігі вагонның ең жауапты жері, сондықтан ондай күрделі кемшілікпен жүруге рұқсат етілмейді. Ақауы бар вагондардың көбі "Қазтеміртранс" АҚ-ның вагондары, қалғаны "Искомтранс", "Олжа-Логистик" жекеменшік компанияларына тиесілі, – деген ол әлі деполық жөндеу уақыты жетпеген вагондарда ақаудың анықталуына  екі түрлі себепті алға тартты. – Бірі вагон қараушылардың қырағылығы болса, екіншісі  темірдің бізге келгенге дейін желініп, тозуы. Қырағылығы демекші, жуырда "Қозғалыс қауіпсіздігі үшін" төсбелгісін алған аға вагон қараушы Ерлан Ереков пен "Кәсібі бойынша үздік" белгісінің иегері атанған вагондарды қарап жөндеуші Айбек Иреев осы депода еңбек ететінін айта кеткен жөн болар.      Вагондарға қызмет көрсетіп, қауіп-қатерсіз жүруге дайындайтын «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінде де көрсеткіштер жоғары. Жыл басынан тамыз айына дейін жөндеудің барлық түрі бойынша  былтырғы салыстырмалы мерзімдегіден шамамен 450 вагон артық жөндеуден өткен.   О-1 -де - 7 мың 401, ТО-2-де - 73, ТО-3-де 126 вагон жөнделген.  – Экспо-2017 халықаралық көрмесіне орай жолаушылар тасымалында  өзгерістер болғаны белгілі. Астана пойызы бұрын күнара қатынаса, енді күніне 15 вагон кетеді. Аптасына екі рет Тальго пойызы жүреді. Бұл өз кезегінде қызмет көрсететін вагондар санының артуына септік етіп отыр, – дейді мекеме басшысы Құттыбек Чаркатбаев.        Ия, осылайша, Экспоға байланысты Елордамен арадағы барыс-келістің жиілеуі Маңғыстауда вагондардың санын арттырып, вагон қараушылардың жұмыс нәтижесінің жоғарылауына себеп болып отыр екен.  – 2015 жылдың орта тұстарынан Құлсарыға "Теңізшевройл" мекемесінің мұнайы тасымалданды. Соның есебінен телімнен өткен пойыздар көбейген болатын. Өткен жылы компания мұнайын құбыр арқылы жөнелтуге көшті. Сондықтан биылғы жылы  пойыз саны аз болды. Бірақ, біздің бағымызға Құрық портының іске қосылуы жүк тасымалын тағы да арттырып отыр, – дейді Ж.Елеусінов.  

Шахида Жұман

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты