Қазақстан мен Қытай "Алматы-Сиань" бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосуды жоспарлап отыр

Жаңалықтар
15.05.2025, 12:48
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстан мен Қытай арасында көлік саласындағы ынтымақтастық артып келеді. Мәселен, 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ҚХР-мен экспорттық-импорттық автотасымалдау көлемі 82%-ға артып, 822 мың тонна жүк тасымалданды. Ал биылғы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысына сәйкес ҚХР-мен теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі 13%-ға артып, 11,4 млн тонна жүкті құрады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгін Астанада алғашқы Қазақстан-Қытай көлік форумы аясында екі мемлекеттің салалық ведомство басшылары Марат Қарабаев пен Лю Вэй кездесті. Тараптар бірқатар өзекті мәселені талқылап, уағдаластықтарға қол жеткізді.  

Мәселен, көлік ведомстволарының басшылары Ертіс трансшекаралық өзенін пайдалана отырып, “Ресей – Қазақстан – Қытай” мультимодальды транзиттік дәлізін құруды және трансшекаралық Іле өзені арқылы Қонаев қаласынан (ҚР) Инин қаласына (ҚХР) дейін өзен бағытын құруды талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Ақтау портында қытайлық компаниямен бірлесе контейнерлік хаб құрылысы жалғасып жатыр. Бұл порттың өткізу қабілетін 140 мың ЖФЭ-ден 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттырады. Жоба биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазақстандық порттарды одан әрі дамыту мақсатымен биыл мамандар Ақтау порты акваториясын тереңдету жұмыстарын жүргізеді.  

Теміржол саласына келетін болсақ жыл соңына дейін «Достық-Мойынты» және Алматы стансасының айналма теміржолының құрылысын аяқталады деп жоспарлануда. Бұл теміржолдардың өткізу қабілетін арттырып, Азия мен Еуропа арасындағы жүктерді жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар тараптар "Алматы-Сиань" бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосуды, екі ел арасындағы әуе рейстері санын аптасына 65-ке дейін арттыруды көздеп отыр.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда