Қазақстан – Қытай: алғашқы көлік форумы өтті

Жаңалықтар
16.05.2025, 08:29
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше Астанада Қазақстан – Қытай 1-ші Көлік форумы өтіп, оған екі елдің көлік министрлері Марат Қарабаев пен Лю Вэй, сондай-ақ қазақстандық-қытайлық көлік ведомстволары, темір жол және автожол компанияларының өкілдері қатысты. Форум шеңберінде «Құрық порты» ЖШС мен Qingdao Port International компаниясы басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды.

– Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің көлік форумы бірінші рет өтіп, ал Астана қаласындағы Қытай – Орталық Азия көлік министрлерінің екінші кездесу болып отыр. Осы маңызды жиынға қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін! Бұл іс-шаралардың жұмысына қатысу көлік ынтымақтастығына қосымша серпін беретініне сенімдімін. Біздің елдеріміз арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау динамикасы тұрақты оң өсімді көрсетіп отыр, – деді Көлік министрі Марат Қарабаев форумның ашылу салтанатында.

Расында, Қазақстан мен Қытай арасында көлік саласындағы ынтымақтастық артып келеді. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысына сәйкес ҚХР-мен теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі 13%-ға артып, 11.4 млн тонна жүкті құрады. Осы арада екі ел арасындағы көліктік әлеуетті дамыту Қазақстанның Еуразиядағы негізгі транзиттік пункт ретіндегі мәртебесін бекіткенін атар едік. Бұл бағытта Транскаспий халықаралық көлік бағдары Қазақстан мен Қытай үшін стратегиялық маңызға ие. 2024 жылы тасымалдау көлемі 4,5 млн тоннаны құрап, алдыңғы жыл көрсеткішімен (2,7 млн.тонна) салыстырғанда 62% ұлғайды. Ал 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаны бағындырды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,3% артық. Көлік министрі, Қытай тарапының ТХКБ дамуына қосылатынын ескере отырып, 2030 жылға қарай көлем көрсеткіштерін жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын атап өтті.  

– Биыл Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың және Алматы станциясының айналма жолы құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл жолдардың өткізу қабілетін арттыруға және Азия мен Еуропа арасындағы жүктерді жеткізу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Еліміздің шығысында Бақты – Аягөз жобасын іске асыру жалғасуда, ол Қытаймен өткізу қабілетін 25 млн тоннаға арттырады. Осылайша, таяу үш-төрт жыл ішінде ел темір жолдарының өткізу қабілеті қазіргі 28 млн тоннадан үш есе өсіп, 100 млн тоннаға жуықтайтын болады, – деді Марат Қарабаев.

Еске сала кетсек, бүгінде Ақтау портында қытайлық компаниямен бірлесе контейнерлік хаб құрылысы жалғасып жатыр. Бұл порттың өткізу қабілетін 140 мың ЖФЭ-ден 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттырады. Жоба биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ведомство жетекшісі ТХКБ арқылы келген жүктерді теңіз көлігі арқылы тасымалдауда кеме жетіспеушілігі біраз кедергі болып отырғанын, міне, осы мәселені оң шешу үшін алдағы уақытта 17 жүк кемесін сатып алу жоспарланғанын, соның 6-уы биыл алынып, жүк тасымалына жұмылдырылатынын жеткізді. Сонымен қатар «Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу» жобасын іске асыру инвестор – Қытайдың Ляньюньган портымен бірлескен кәсіпорын форматында жүзеге асырылуда. Бұл жоба жыл соңында толық іске қосылмақ. Хаб салынып біткен кезде терминал қуаты қазіргі 140 мыңнан 240 мың контейнерге жетеді. Бұған қоса Сиань портымен Алматыда құрғақ порт салынуда. Алдағы уақытта қытайлық әріптестермен бірігіп, Әзірбайжанның Алят портында терминал салу көзделіп отыр. Сонымен қатар «Алматы-Сиань» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосу жоспарланып отырғаны белгілі болды.  

 

Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда